Құжат мәтініне өту

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Қаулы · № 40/3 · қабылданған 29.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100252/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором Күшін жойған Қаулы ·№ 40/3 ·29.02.2016
18.11.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Күшін жойған Қаулы ·№ 40/3 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Атауы (қаз.)
Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/3
Қабылданған күні
29.02.2016
Көрсетілген редакция
18.11.2019 100252_431693.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PF004997
ЭКБ идентификаторы
100252
Редакция идентификаторы
100252_431693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:14

0 Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Железин ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «29» ақпандағы
№ 40/3 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
р/с

Атауы
1
Аудандық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы
үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар

Қолданыстағы