Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 346 · қабылданған 10.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100387/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған Өзге акт ·№ 346 ·10.02.2016
19.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Күшін жойған Өзге акт ·№ 346 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346
Қабылданған күні
10.02.2016
Көрсетілген редакция
19.04.2019 100387_401825.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16L0005405
ЭКБ идентификаторы
100387
Редакция идентификаторы
100387_401825
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:34

0 Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.

2

2. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және (немесе) «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге және (немесе) кеңес беруге бару-қайту жол ақысын:

1

1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігінің (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты) вагондарымен жүрген кезде – теміржол көлігінің купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;

2 2) темір жол көлігінің купелі вагоны, плацкарт вагоны мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде – оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.

3

3. «Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 8 шілдедегі № 236 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4256 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2010 жылғы 2 қыркүйекте және облыстық «Кызылординские вести» газетінде 2010 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы