О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Павлодарского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Павлодарского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58/423
- Қабылданған күні
- 04.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2016 100411_259075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PK005005
- ЭКБ идентификаторы
- 100411
- Редакция идентификаторы
- 100411_259075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:09
0 Қазақстан Республикасының
жер заңнамасына сәйкес
Павлодар облысы Павлодар ауданының
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының мөлшерлемесін
және бірыңғай жер салығының
мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
3
3. Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы «Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы ставкасын жоғарылату туралы» № 48/365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 4599 болып тіркелген, аудандық «Заман тынысы», «Нива» газеттерінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 29 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.