О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Костаная
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Костаная
- Атауы (қаз.)
- Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 335
- Қабылданған күні
- 18.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2016 100444_62899.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16NA00335A
- ЭКБ идентификаторы
- 100444
- Редакция идентификаторы
- 100444_62899
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:26
0 Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Р.Х.Каркеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қостанай қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 335 қаулысына қосымша
Қостанай қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы «Қостанай» газетінде жарияланған) қаулысы.
2. Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 175 «Әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-181 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 ақпандағы «Қостанай» газетінде жарияланған) қаулысы.
3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 1206 «Әкімдіктің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2395 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-192 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдедегі «Біздің Қостанай» газетінде жарияланған) қаулысы.