Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
- Атауы (қаз.)
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 26.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2016 100490_285832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VH004422
- ЭКБ идентификаторы
- 100490
- Редакция идентификаторы
- 100490_285832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:17
0 Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Казақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 – бабының 6 – тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р. А. Атаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
2016 жылы «26» ақпан
4 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «26» ақпан
№ 33 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
№
Кенттік және ауылдық округтің атауы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
1
Бородулиха ауылдық округі
Бородулиха ауылы: «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі конторасының алдыңғы жағында, «Абай атындағы толық емес орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фойесінде.
Бородулиха ауылы: Николай Островский атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында, «Бородулиха қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фойесінде, «Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фойесінде.
Бородулиха ауылы: «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның оң жағында.
Знаменка ауылы: мал шаруашылығы кешенінің әкімшілік ғимаратында.
Успенка ауылы: «Успенская негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Бородулиха ауылы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының алдыңғы жағында.
2
Бақы ауылдық округі
Ауыл станциясы: «Ауыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің солтүстік жағында.
Коростели ауылы: «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында.
3
Дмитриевка ауылдық округі
Дмитриевка ауылы: «Киров атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында.
4
Новодворовка ауылдық округі
Ивановка ауылы: «Ивановка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының солтүстік жағында.
Березовка санаторийі: «Березовка» шипажайы асханасының алдыңғы жағында.
Березовка подхозы: «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы ауылдық клубтың алдыңғы жағында.
5
Переменовка ауылдық округі
Переменовка ауылы: «Переменовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Андроновка ауылы: «Андроновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Орловка ауылы: «Орловка бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
6
Степной ауылдық округі
Шелехово ауылы: «Шелеховка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Орловка ауылы: «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жанындағы Степной ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің батыс жағында.
7
Подборный ауылдық округі
Камышенка ауылы: «Камышенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Михайловка ауылы: медициналық пунктің солтүстік жағында.
Романовка ауылы: медициналық пунктің солтүстік жағында.
8
Белағаш ауылдық округі
Белағаш ауылы: «Белағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Зенковка ауылы: «Кранополь орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
9
Новопокровка ауылдық округі
Новопокровка ауылы: «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы ауылдық клубтың алдыңғы жағында.
Новопокровка ауылы: «Новопокровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Сарноғай ауылы: медициналық пункт ғимаратының алдыңғы жағында.
10
Петропавловка ауылдық округі
Петропавловка ауылы: «Төлеубай Аманов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Мещанка ауылы: «Мещанка бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол жағында.
Изатулла ауылы: «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі конторасының алдыңғы жағында.
11
Зубаир ауылдық округі
Зубаир ауылы: «Зубаир орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Байтанат ауылы: «Байтанат бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
12
Андреевка ауылдық округі
Михайличенково ауылы: «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы Андреевка ауылдық округінің мәдениет үйінің алдыңғы жағында.
13
Новошульба ауылдық округі
Новошульба ауылы: «Комаров атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Новошульба ауылы: Гагарин көшесі 121 В мекенжайы бойынша ауылдық клуб ғимаратында.
Новошульба ауылы: «Красный партизан шаруа қожалығы» жауапкершілігі шектеу серіктестігі конторасының алдыңғы жағында.
Солоновка ауылы: «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы ауылдық клуб ғимаратының алдыңғы жағында.
Пролетарка ауылы: «Пролетарка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фойесінде.
14
Ленин ауылдық округі
Песчанка ауылы: «Песчанка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Екінші Пятилетка ауылы: «2 Пятилетка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
15
Жерновка ауылдық округі
Жерновка ауылы: «Жерновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында, «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы мәдениет үйінің алдыңғы жағында.
Боровлянка ауылы: «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі конторасының алдыңғы жағында.
Пол-Лог ауылы: «Ольга» дүкенінің алдыңғы жағында.
16
Красный Яр ауылдық округі
Красный Яр ауылы: «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ғимаратының алдыңғы жағында.
Речное ауылы: сүт қабылдау пунктінің алдыңғы жағында.
Уба-Форпост ауылы: «Уба-Форпост орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
17
Таврия ауылдық округі
Буркотов ауылы: «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы ауылдық клубтың алдыңғы жағында.
Сахновка ауылы: «Сахновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестік конторының алдыңғы жағында.
18
Жезкент кенттік округі
Жезкент кенті: «Жезкент орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында.
Жезкент кенті: «Жезкент кентінің мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдыңғы жағында, «Юность» дүкенінің маңайында.
Жезкент кенті: «Бородулиха аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жанындағы «Метталург» мәдениет үйінің алдыңғы жағында.