О признании утратившими силу некоторых решений городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/383
- Қабылданған күні
- 11.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2016 100560_62634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16MA38383M
- ЭКБ идентификаторы
- 100560
- Редакция идентификаторы
- 100560_62634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:05
0 Қалалық мәслихаттың
кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Ақтау қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы №2-110107-15-00311, 2015 жылғы 4 мамырдағы № 2-110107-15-04835 наразылықтарына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2015 жылғы 13 қазандағы №10-11-3741 ұсынысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қалалық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Ақтау қаласының әкімдігіне осы шешіммен көрсетілген мәселелерге қатысты, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамаларына сәйкес, жаңадан нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің көшірмелері Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдарына жолдансын.
4 4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтау қалалық мәслихатының 2016
жылғы 11 наурыздағы №38/383
шешіміне қосымша
Күші жойылды деп танылған мәслихат шешімдерінің тізбесі
1
1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-181 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы №145 «Манғыстау» газетінде жарияланған);
2
2. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 17 наурыздағы №18/178 «Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі №4/46 ««Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2393 болып тіркелген, 2014 жылы 18 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 22 сәуірде №66-68 «Манғыстау» газетінде жарияланған);
3
3. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 26 наурыздағы №10/113 «Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2242 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 75 «Маңғыстау» газетінде жарияланған).