О признании утратившими силу некоторых решений городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/383
- Қабылданған күні
- 11.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2016 100560_62634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16MA38383M
- ЭКБ идентификаторы
- 100560
- Редакция идентификаторы
- 100560_62634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:05
0 Қалалық мәслихаттың
кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Ақтау қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы №2-110107-15-00311, 2015 жылғы 4 мамырдағы № 2-110107-15-04835 наразылықтарына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2015 жылғы 13 қазандағы №10-11-3741 ұсынысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қалалық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Ақтау қаласының әкімдігіне осы шешіммен көрсетілген мәселелерге қатысты, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамаларына сәйкес, жаңадан нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің көшірмелері Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдарына жолдансын.
4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтау қалалық мәслихатының 2016
жылғы 11 наурыздағы №38/383
шешіміне қосымша
Күші жойылды деп танылған мәслихат шешімдерінің тізбесі
1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-181 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы №145 «Манғыстау» газетінде жарияланған);
2. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 17 наурыздағы №18/178 «Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі №4/46 ««Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2393 болып тіркелген, 2014 жылы 18 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 22 сәуірде №66-68 «Манғыстау» газетінде жарияланған);
3. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 26 наурыздағы №10/113 «Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2242 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 75 «Маңғыстау» газетінде жарияланған).