Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики измерения технических параметров качества услуг связи

Бұйрық · № 68 · қабылданған 26.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100572/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики измерения технических параметров качества услуг связи Күшін жойған Бұйрық ·№ 68 ·26.01.2016
29.08.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики измерения технических параметров качества услуг связи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 68 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики измерения технических параметров качества услуг связи
Атауы (қаз.)
Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
68
Қабылданған күні
26.01.2016
Көрсетілген редакция
29.08.2017 100572_257504.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013259
ЭКБ идентификаторы
100572
Редакция идентификаторы
100572_257504
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:54

0 Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабының 1-тармағы 6-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республиқасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Е. Досаев
2016 жылғы 28 қаңтар

1 Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы №68
бұйрығымен бекітілген
Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 – бабы 1 – тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұялы байланыс қызметтерінің техникалық өлшемдерін өлшеуді жүргізу рәсімінде қолдануға арналған.

2 2. Әдістемеде пайдаланылатын негізі терминдер мен анықтамалар:

1 1) бақылап жүру – мобильдік өлшеу кешенін белгілі бағдар бойынша қозғалыста пайдалана отырып, техникалық өлшеу әдісі;

2 2) бақылау шақыру – мобильдік өлшеу кешені, тасымалдау өлшеу кешені немесе арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған мобильдік терминал бастамалайтын шақыру;

3 3) байланыстың қолжетімділігі (қосылуды орнатудың қолжетімділігі) – шақырылып және шақырып отырған абоненттер арасында талап етілетін байланысты орнау ықтималдығы;

4 4) байланыстың қолжетімділік көрсеткіші – жасалған шақыру талаптарының жалпы санынан сәтті шақырулар үлесі;

5 5) байланыстың үздіксіздігі (орнатылған қосылудың сақталуы) - екі абоненттің арасында орнатылған қосылудың оларға тәуелсіз себептер бойынша уақытынан бұрын ажырамауы;

6 6) байланыс үздіксіздігінің көрсеткіші – абоненттің бастамасы бойынша орнатылған байланыстың ажыраумен аяқталынатын шақырулар үлесі;

7 7) дауыстық сэмпл – бақылау шақыру кезінде ойналған милисекундтағы белгілі ұзақтықтағы дыбыстық фрагмент;

8 8) деректерді өңдеу жүйесі – деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығынан тұратын жүйе;

9 9) жүргізілетін өлшеу орындарының жіктеуіші – өлшеудің қоршаған ортасын әкімшілік бөлінуі, жүргізілетін өлшеулердің түрі, ұйымдастырушылық қызмет түрі бойынша (жоспардан тыс, жоспарлы) бөлу;

10 10) жылжымалы өлшеу кешені – өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын автокөлік негізіндегі аппараттық құрылғылардың мобильдік өлшеуіш кешені;

11 11) қамту – ұялы байланыс желісі мен оның сервистеріне абоненттің қол жеткізу мүмкіндігін жанама түрде айқындайтын ерекшелік;

12 12) қамту аймағы – оның шегінде желі абоненттің талабы бойынша байланыс қызметтерін көрсету қабілетін сақтайтын аумақ;

13 13) мобильдік терминал (мобильдік телефон немесе модем) – байланыс сеанстарын жүзеге асыру мен қолдау қызметін қолдайтын аппараттық құрылғы;

14 14) мобильдік өлшеуіш кешені – өлшеуді орындау міндеттерін шешуде қолданылатын аппараттық құрылғылардың жылжымалы немесе тасымалдау кешені;

15 15) навигациялық құрылғы – жердегі ағымдағы құрылғының орналасқан орнын анықтау мақсатындағы спутниктік навигация жүйесімен сигнал алатын құрылғылар;

16 16) өлшеу кешені – өлшеуді орындау міндетін шешуде қолданылатын, құрамына техникалық құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз ету кіретін аппараттық құрылғылар кешені;

17 17) орнатылған байланыстың уақыттан бұрын ажырауы – абонент бастамаламай қосылудың (әңгіменің) ажырауы;

18 18) радиожелілер талдағышы – желілік байланыс радиожелілерінің техникалық өлшемі мен сигналдарын тіркеуге арналған аспап;

19 19) сәтсіз шақырулар – желінің әрбір учаскелеріндегі бұғаттауларға және техникалық жөнсіздіктерге байланысты жоғалған шақырулар;

20 20) сәтсіз шақырулардың үлесі - сәтсіз шақырулардың өлшеу кезеңіндегі бақылау шақырулардың жалпы санына пайызбен немесе абсолюттік шамамен көрсетілген қатынасы;

21 21) сәтті шақырулар – шақырылатын абоненттің жауап бермеуін немесе бос болмауын қоса алғанда, шақырылатын абонент станциясының жауабымен аяқталған шақырулар және/немесе абонент қызмет көрсету аумағынан тыс болуы немесе оның аппаратының сөндірілуі туралы оператордың жауабымен аяқталған шақырулар;

22 22) сөздерді жеткізу сапасы –байланыс жүйесіне түскен ақпараттық сигнал сөздерін (дауыс қаттылығы, түсініктілігі) жеткізу параметрлері сипаттамасына жиынтығы;

23 23) сөздерді жеткізу сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі - сөздерді жеткізу сапасы бойынша нормативттерді қанағаттандырмайтын шақырулардың (орнатылған қосылулардың) өлшеу кезеңіндегі бақылау шақырулардың жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;

24 24) сөздің түсініктілігі - жалпы айтылған сөйлеу элементтерінің жалпы санынан тыңдаушылар дұрыс қабылдаған салыстырмалы немесе пайыздық саны;

25 25) тасымалданатын өлшеу кешені – мекен мен үй-жайдан өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын, құрамына техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету кіретін аппараттық құрылғылардың аз габаритті мобильдік кешені;

26 26) таймаут – мерзімі өткен соң келесі виртуалды оқиғалар жүзеге асатын белгіленген уақыт аралығы;

27 27) техникалық өлшем – тікелей бақылау арқылы аңықтауға жататын қызметтің көрсетілуі немесе тұтынылуының белгілі шарттарына сәйкес қарастырылатын, оның сапасына кіретін бір немесе бірнеше қызмет қасиетінің сандық сипаттамасы;

28 28) ұялы байланыс қызметінің сапасы – объективті және субъективті өлшем негізде бағалауға жататын, көрсетілетін қызмет сипаттамаларының жиынтық көрсеткіші;

29 29) қызмет сапасының көрсеткіші – есептеу жолымен аңықтауға жататын қызметтің көрсетілуі немесе тұтынылуының белгілі шарттарына сәйкес қарастырылатын, оның сапасына кіретін бір немесе бірнеше қызмет қасиетінің сандық сипаттамасы;

30 30) ұялы байланыс қызметтері сапасының техниқалық өлшемдерін өлшеу (бұдан әрі - өлшеу) – арнайы техниқалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолымен қажетті шаманың мәнін табу.

3 3. Осы Әдістемеде мынадай қысқартулар қолданылады:

GSM (GlobalSystemforMobileCommunications) – екінші буынды ұялы байланыс технологиясы;
UMTS (UniversalMobileTelecommunicationsSystem) – үшінші буынды ұялы байланыс технологиясы;
SIM – абонентті сәйкестендіру үшін ұялы байланыста қолданылатын модуль-карта;
LTE (LongTermEvolution) – төртінші буынды ұялы байланыс технологиясы;
PESQ (Perceptual Evaluation of Speecg Quality) – сөздің дәлдігін бағалау алгоритмі;
POLQA (Perceptual Objective Listening Quality Assessment) –жаңа буын сөзінің дәлдігін бағалау алгоритмі;
SMS (ShortMessageService) – қысқа мәтінді хабарламалар сервисі;
MOS (MeanOpinionScore) – сөзді жеткізу сапасын орташаландырған сараптамалық бағалау;

4 4. Өлшеу объектісі Қазақстан Республикасы байланыс желілеріндегі ұялы байланыс қызметі сапасының техникалық өлшемдері болып табылады.

5 5. Техникалық өлшем қосылудың келесі түрлері үшін өлшенеді:

шақыру орнатылған кезде дауыстық ақпаратты қабылдау/жіберу үшін;
қысқа мәтінді хабарламаларды қабылдау/жіберу үшін.

6 6. Ұялы байланыс желісі мынадай технологиялардың негізінде ұйымдастырылуы мүмкін: GSM, UMTS, LTE.

2 2. Өлшеулер жүргізу шарттары

7 7. Өлшеулер желіні шамадан артық жүктемесіз, кідірулерсіз пайдалану режимінде, ұялы байланыс жабдығы және пайдаланылатын өлшеу құралдарының пайдалану құжаттарында көрсетілген климаттық жағдайларда жүргізіледі.

8 8. Жылжымалы кешенін пайдалана отырып өлшеу елді-мекеннің электрондық карталарын және(немесе) қағаз тасығыштағы елді-мекен карталарын пайдаланумен жүргізіледі.

9 9. Мекенде және үй – жайда тасымалданатын өлшеу кешенін пайдалана отырып өлшеу мекеннің, үй –жайдың жоспар-схемасын пайдалана отырып жүргізіледі.

10 10. Өлшеу нүктелерінің географиялық координаталарын аңықтау үшін өлшеу жабдығының құрамына кіретін немесе мобильдік терминалға кіріктірілген навигациялық құрылғы пайдаланылады.

11 11. Ұялы байланыс қызметі сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу кезінде мыналар шарттар болжамдалады:

ұялы байланыс желінің жабдығы дайын жай-күйінде;
бағдардың екінші жағында «шақырушы абонент - шақырылатын абонент» тізбегіндегі абоненттің жабдығы шақыруға жауап беруге дайын.

12 12. Өлшеу кешендері мен қосалқы жабдық техникалық құжаттамаға сәйкес жұмысқа дайын болуы тиіс.

13 13. Өлшеу бағдары оператордың ресми интернет ресурсынде жарияланған, оператор тапсырыс берген қамту аймағын ескере отырып жоспарланады. Өлшеу бағдары осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес бағдарды жоспарлауға ұсынымдар негізінде жасалады.

14 14. Өлшеуді орындаған кезде мыналар сақталады:

1 1) мемлекеттік санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтер талаптары;

2 2) қолданылатын өлшеу құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген қауіпсіздік бойынша талаптар.

3 3. Өлшеулер жүргізу рәсімі

4.

1 1-параграф. Өлшеу әдісі

15 15. Өлшеулер бақылау шақыру әдісімен жүргізіледі.

16 16. Әрбір бақылау шақыруды орындаған кезде қосылудың мәртебесін сипаттайтын виртуалдық нүктелер тіркеледі. Техникалық өлшемдерді өлшеу осы негізгі нүктелер бойынша жүргізіледі.

17 17. Бақылау шақырулары шығыс және кіріс шақыру үшін кезекпен орындалуы тиіс.

18 18. Бақылау шақырулары:

басқа мобильдік терминалға дейін;
тіркелген байланыс операторының желісіне қосылған стационарлық телефон аппараттарына (автожауапбергіш) орындалуы мүмкін.

2 2-параграф. Қолданылатын өлшеу құралдары

19 19. Құралдар:

1 1) жылжылмалы өлшеу кешендері;

2 2) тасымалданатын өлшеу кешендері;

3 3) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған мобильдік терминалдар болып бөлінеді.

20 20. Жылжымалы өлшеу кешені мынадай бөліктерден тұрады:

1 1) радиожеліні талдағыш;

2 2) мобильдік терминалдар (ұялы телефондар және(немесе) модемдер);

3 3) сыртқы антенналар;

4 4) деректерді өңдеу жүйелері;

5 5) навигациялық құрылғылар;

6 6) қосымша жабдық.

Жылжымалы өлшу кешенінің құрамы мен қосу схемасы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

21 21. Тасымалданатын өлшеу кешені мыналардан тұрады:

1 1) мобильдік терминалдар (ұялы телефондар және(немесе) модемдер);

2 2) контроллер (мобильдік терминалдарды басқаруға арналған құрылғы);

3 3) радиожеліні талдағыш;

4 4) навигациялық құрылғылар;

Қажет болған кезде, тасымалданатын өлшеу кешеніне радиожеліні талдағыш және(немесе) навигациялық құрылғы қосылады.
Тасымалданатын өлшеу кешенін құрамы мен қосу схемасы осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

22 22. Техникалық өлшемдерін өлшеу үшін мобильдік терминал мыналардан тұрады:

1 1) мобильдік құрылғы;

2 2) мобильдік құрылғыға орнатылған, ұялы байланыс желісінде өлшеулер жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.

3 3-параграф. Өлшеуді орындау бірізділігі

23 23. Өлшеу мынадай бірізділікпен жүргізіледі:

1 1) өлшеу бағдарының схемасы әзірленеді. Бұл үшін желімен қамтудың ұсынылған картасының негізінде бақылау айналымын жүргізу жоспарланатын аумақ белгіленеді;

2 2) таңдалған аумақ шекарасы жасалынады және мобильдік өлшеу кешенінің қозғалыс бағдары схемасы картасына енгізіледі;

3 3) өлшеу құралдары оларға қоса берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұялы байланыс қызметтері сапасының талап етілетін өлшемдерін өлшеу үшін күйге келтіріледі;

4 4) қажетті техникалық өлшемдерді автоматты режимде өлшеу жүргізіледі;

5 5) өлшеу нәтижелерін одан әрі өңдеу мен есептеу үшін сақталады.

24 24. Ұй-жай ішінде өлшеу жүргізу кезіндегі іс-қимылдар бірізділігі осы Әдістеменің 23 – тармағы 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес орындалады.

25 25. Бақылап жүру нәтижесінде әрбір бағдар үшін жылжымалы байланыс қызметтерінің мынадай өлшемдерінің нәтижелері графикалық және кесте нысандарында алынып, автоматты түрде қалыптастырылады:

байланыс қолжетімділік көрсеткіштерін, байланыстың үздіксіздігін бағалауға арналған өлшемдер;
телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты мен жауап сигналының кідіру уақытының мөлшерін бағалауға арналған өлшемдер;
сөздің орташа айқындығын бағалауға арналған өлшемдер;
қысқа мәтінді хабарлама жіберу қызметін сипаттайтын өлшемдер.

26

26. Байланыстың қолжетімділік, үздіксіздік көрсеткіштерін бағалау осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген негізгі техниқалық өлшемдерді өлшеу цикліне сәйкес жүргізіледі. Қосылуды белгілеу уақыты және сәтті қосылу уақыты өткен соң қайта қосылуды орнату әрекеті өлшеу нәтижелерінде сәтсіз ретінде ескеріледі. Өлшеудің максималды жалпы ұзақтығы шақыруды аяқтау мен қорғау үзілісінің ұзақтығынан аспауы тиіс.

27 27. Жауап сигналын кідірту шамасы және телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты бағалау үшін өлшеу кешенімен тңркелген өлшемдер қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, түсіндіруге жатады.

28 28. Сөздің түсініктілігін отраша бағалауға арналған өлшемдерді өлшеу PESQ алгоритмін пайдалана отырып жүргізіледі.

Өлшеу сөйлеу сапасының орташа бағалау мәні дауыстық сэмплдер сапасын бағалау мәндері жалпы сомасының дауыстық сэмплдер санына қатынасы ретінде есептелетін әдіспен жүргізіледі.
Сөйлеудің отраша түсініктілігін бағалау өлшемдері барлық жіберілген сөздік бірізділіктер үшін сөйлеудің сапа көрсеткіштерін бағалауды қамтитын статистикалық өңдеу нәтижесі ретінде есептеледі.

29 29. Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалар үлесін есептеу өлшемдері өлшеу кешенінің құрамына кіретін мобильдік терминалдардан тестілік қысқа мәтінді хабарламаларын жіберумен бір уақытта жіберу және бір уақытта жіберу мәртебесін және басты оқиғалар бойынша жеткізу уақыты белгілеу әдісімен өлшенеді.

Қысқа мәтінді хабарлама жіберу қызметін сипаттайтын параметрлерді өлшеу циклі осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген.
Тестілерді орындауды бастағанға дейін қабылданған қысқа мәтінді хабарламаны сақтау үшін пайдаланылатын мобильдік терминалдың жадысы тазартылады. Тестілеу процесінде жадының жетіспеушілігінен кідірулерге жол бермеу мақсатында қабылдағыш мобильдік терминалдың жадысын тазалау жүргізіледі. Жадыны тазалау жүргізілгеннен кейін тестілердің саны пайдаланылатын мобильдік терминал жадысының көлеміне байланысты анықталады және хаттамада көрсетіледі.

4 4-параграф. Өлшеу қателігінің сипаттамасы мен өлшеу нәтижелерінің нақтылығын бақылау

30 30. Тиісті нақтылықты қамтамасыз етуге арналған бақылау шақыруларының саны өлшеулер жүргізіліп жатқан орындардың кластарына байланысты айқындалады.

31 31. Өлшеулер жүргізілетін өлшеу орындарының жіктеуіші осы Әдістемеге 6-қосымшада келтіріледі.

32

32. Д0, Д1, Д2, Д3 мекенінің кластары бойынша өлшеуді жүргізген кезде Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабы 1-1-тармағына сәйкес бекітілген байланыс қызметінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тиісті есептелген көрсеткіш үшін күтілетін ретінде қабылданады. Бақылау шақыруларының саны ҚР 1784-2008 ҰС «Ұтқыр телекоммуникациялық байланыс. Ұялы байланыс қызметі сапасының параметрлері және көрсеткіштері» сәйкес сенімді ықтималдығы 95 % кезінде салыстырмалы қателігі 10 % болатын әрбір өлшемдердің бағасын алу үшін жеткілікті болуы тиіс.

33 33. Бағалаудың түрлі нақтылығы үшін сенімді ықтималдық α=95 % кезінде қажетті бақылау шақырулардың ең аз саны осы Әдістемеге 7-қосымшада келтірілген.

34 34. С1С, С2В, О1С, О2В кластар үшін бақылау шақыруларының қажетті санын есептеу нормаларды кепілденген сақтау/бұзу шекараларын белгілей отырып, толеранттық шектердің алгоритмі пайдаланумен жүргізіледі. Толеранттық шектер алгоритмінің сипаттамасы осы Әдістемедеге 8-қосымшада келтірілген.

35 35. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР 2.4. ҰС «Өлшем бірлігіін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарының салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» сәйкес қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі.

5 5-параграф. Өлшеу нәтижелері мен есептеу алгоритмдерін өңдеу

36 36. Өлшеу жолымен алынған техникалық өлшемдерді өңдегеннен кейін ұялы байланыс қызметінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер есептеледі. Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдері осы Әдістемеге 9 қосымшада көрсетіледі.

37

37. Ұялы байланыс (тіркелген телефондық) желісі абонентімен бекітілген қосулы кезіндегі шақырудың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің (байланыстың қолжетімділік көрсеткіші) көрсеткіші тестік дауыстық қосылыстардың жалпы санына дыбыстық қосылыстың белгіленуінің сәтсіз әрекеттер санына қатынасы ретінде анықталады.
Q – дауыстық қосылысты белгілеудің сәтсіз әрекетінің саны;
N – тестік дауыстық қосылыстардың жалпы саны.

38 38. Абоненттің бастамасынсыз белгіленген қосылудың мерзімінен бұрын ажырауымен аяқталған шақырулар үлесінің (үзіліссіз байланыс көрсеткіші) көрсеткіші абоненттің бастамасынсыз аяқталған қосылыстар мөлшеріне сәтті шақырудың жалпы мөлшеріне қатынас ретінде анықталады.

R – мобильдік терминалдың бастамасынсыз аяқталған қосылыстар саны;
N – сәтті шақырулардың жалпы саны.

39

39. Ұялы (телефондықпен белгіленген) желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесінің көрсеткіші шақырудың жалпы мөлшеріне жауап сигналының кідіру уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын қосылыстар мөлшеріне қатынас ретінде есептеледі.
E – қосылыстың белгіленген уақыт өлшемі бойынша жиынтық;
N – тестілік дауыстық қосылыстардың жалпы саны.

40 40. Қосылуды орнатудың орташа уақытының көрсеткіші өлшем белгіленген қосылыс мөлшеріне қосылыстың белгіленген уақытының өлшемдерінің мәнінің жиынтығына қатынас ретінде анықталады.

S – жауап сигналының кідіру уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын қосылыстар саны;
N – тестілік дауыстық қосылыстардың жалпы саны.

41 41. Сөзді жеткізу сапасы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар үлесінің көрсеткіші тестілік дауыстық сэмплдің жалпы санына сөздің төмен айқындылығымен қабылданған дауыстық сэмплдың санына қатынасымен анықталады.

N<2.8 – сөздің анықтығы төмен қабылданған тестілік дауыстық сэмплдің саны (MOS PESQ< 2.8, MOS POLQA< 2,6);
N – тестілік дауыстық сэмплдің жалпы саны.

42 42. Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалар үлесі

Көрсеткіш жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалардың санының жөнелтілген қысқа хабарламалардың жалпы санына қатынас ретінде анықталады.
Z – жетізілмеген қысқа хабарламалар саны;
N – жөнелтілген қысқа хабарламалардың жалпы саны.
Көрсеткіш бір мобильдік терминалдан екінші мобильдік терминалға қайталамалы жеткізілген және бұрмаланған хабарламаларды ескере отырып, сәтсіз жеткізілген қысқа мәтінді хабарламалар үлесін көрсетеді.

6 6–параграф. Өлшеу нәтижелер ұсыну нысаны

43 43. Өлшеу жүргізу қорытындылары бойынша осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу нәтижелері туралы есеп қалыптастырылады.

1.1 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 1-қосымша
Бағыттарды жоспарлауға ұсынымдар
Бақылап жүруді орындау алдында келесі ұсынымдарға сәйкес алдын-ала қозғалыс бағдары құрылады:

1

1) өлшеу бағдары орталық алаңдарды, ірі сауда және мәдени орталықтар мен мекемелердің аумақтарын, вокзалдар мен әуежайларға, білім беру мекемелеріне және өзге де әлеуметтік маңызды объектілерге кіруге рұсат етілетін туристік аймақтарға, сондай-ақ абоненттердің шоғырлану тығыздығы жоғары өзге аумақтарға кіру жолдарын қамтиды;

2 2) елді-мекендерде өлшеу бағдары магистральдық жолдардың, қаланың әкімшілік шекарасы шегіндегі қозғалыстың жоғары тығыздығы бар көшелердің барынша үлкен санын, сондай-ақ орамды, айналма жолдарды қамтиды;

3 3) елді-мекендерден тыс жерлерде өлшеу бағдары өлшеулер жүргізу аумағы шегінде елді-мекендерді қосатын автомобиль жолдарын қамтиды;

4 4) өлшеу бағдары өлшеулер жүргізілетін аумақ бойынша тең бөлінеді болу керек;

5 5) өлшеу бағдары тұрғындар мен трафиктің елді –мекендердің тиісті аудандарында («көлік қозғалысы аз аудандар», кәсіпорындар мен кеңселер орналасқан аудан және т.б.) шоғырлану уақытын есекере отырып, әзірленеді;

Өлшеулерді жүргізген кезде жолдарды жөндуге, өту жолдарын жабуға, шлагбаумдарға, жолдардың нашар төсеміне байланысты алдын-ала белгіленген бағдардан кейбір ауытқуларға жол берілді.

1.2 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 2-қосымша
Жылжымалы өлшеу кешенінің құрамы мен қосылу схемасы
Жылжымалы өлшеу кешені мыналарды қамтиды:

1 1) радиожеліні талдағыш;

2 2) мобильдік терминалдар;

3 3) сыртқы антенналар;

4 4)деректерді өңдеу жүйелері;

5 5) навигациялық жабдық;

6 6) қосалқы жабдық.

1.3 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 3-қосымша
Тасымалданатын өлшеу кешенінің қосылу құрамы мен схемасы
Тасымалданатын өлшеу кешені мыналарды қамтиды:

1 1) мобильдік терминалдар;

2 2) контроллер;

3 3) радиожеліні талдағыш;

4 4) навигациялық жабдық.

1.4 Дауыстық қызметтің қолжетімділік көрсеткішін есептеуге арналған өлшемдерді өлшеу циклі

Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 4-қосымша
Негізгі техникалық өлшемдерді өлшеу циклі
Дауыстық қызметтің қолжетімділік көрсеткішін есептеуге арналған өлшемдерді өлшеу циклі
Шақыру бағыты
Операция
Ұзақтығы, сек.
1
2
3
Мобильдік терминал бастамалаған шақыру
Өлшеудің жалпы ұзақтығы (CallWindow)
55
Қосылуды орнату (Callsetuptime)
10
Сәтті қосылу ұзақтығы (CallDuration)
10
Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес
20
Мобильдік терминал қабылдаған шақыру
Өлшеудің жалпы ұзақтығы (CallWindow)
55
Қосылуды орнату (Callsetuptime)
25
Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)
10
Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес
20
Қызметтің үздіксіздік көрсеткішін есептеуге арналған өлшемдерді өлшеу кезеңі
Шақыру бағыты
Операция
Ұзақтығы, сек.
1
2
3
Мобильдік терминал бастамалаған шақыру
Өлшеудің жалпы ұзақтығы (Call Window)
175
Қосылуды орнату (Call setup time)
15
Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)
125
Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес
30
Мобильдік терминал қабылдаған шақыру
Өлшеудің жалпы ұзақтығы (Call Window)
175
Қосылуды орнату(Call setup time)
25
Сәтті қосылу ұзақтығы(Call Duration)
125
Қорғау үзілісі, кем емес
30

1.5 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 5-қосымша
Қысқа мәтінді хабарламаларды жеткізу қызметін сипаттайтын өлшемдерді өлшеу циклі
Операция
Ұзақтығы, сек.
1
2
Тестінің жалпы ұзақтығы (Transmission window of measurements)
175
Қысқа мәтінді хабарламаны бір жақтан екінші жаққа жеткізуге арналған таймаут
115
Бірізділікпен жіберілетін қысқа мәтінді хабарлама арасындағы үзіліс, кем емес
60

1.6 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 6-қосымша
Өлшеулер жүргізілетін орындардың жіктеуіші
Жүргізілетін өлшеулерді жіктегіш
С1С
Әуежайлар, теміржол/автобус вокзалдары, Бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрме орындары, мәдени-жаппай іс-шаралар өткізу орындары
Ғимараттардың сыртында орындалатын өлшеулер
С2В
Әуежайлар, теміржол/автобус вокзалдары, Бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрме орындары, мәдени-жаппай іс-шаралар өткізу орындары
Ғимараттардың ішінде орындалатын өлшеулер
Д0
Тұрғындар саны 1 миллионан астам қалалар
Тек қана қозғалыс кезінде орындалатын
өлшеулер
Д1
Республикалық маңызы бар және/немесе тұрғындар саны 300 мыңнан астам қалалар
Д2
Қалалық елді-мекен (тұрғындар саны 50000-нан 300000 дейін орташа және ірі қалалар)
Д3
Ауылдық елдімекен және тұрғындар саны 50000 дейін кіші қалалар
Д4
Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар
Д5
Қозғалыс үстіндегі пойыздарда
О1С
Келіп түскен өтініштердің негізіндегі ғимарат сыртындағы өлшеулер
Ғимараттардың сыртында орындалатын өлшеулер
О2В
Келіп түскен өтініштердің негізіндегі ғимарат ішіндегі өлшеулер
Ғимараттардың ішінде орындалатын өлшеулер
Ескертпе:
С1С, С2В кластары бойынша өлшеулер статистикалық жинақтау жолымен тікелей орында жүргізіледі, Д0, Д1, Д2, Д3, Д4, Д5 кластары бойынша – қозғалыс үстінде, О1С, О2В кластары бойынша – келіп түскен өтініштер негізінде жүргізіледі.

1.7 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 7-қосымша
Әртүрлі бағалау нақтылығы үшін сенімді ықтималдығы 95% кезінде бақылау шақырулардың қажетті ең аз саны
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Салыстырмалы қателік кезіндегі бақылау шақырулардың саны
үлесі
5%
10%
20%
1
2
3
4
0,01
39600
9900
2500
0,015
26200
6500
1600
0,020
19600
4900
1200
0,025
15600
3900
1000
0,03
12900
3200
800
0,035
11000
2700
700
0,04
9600
2400
600
0,05
7500
1900
500

1.8 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 8-қосымша
Толеранттық шектер алгоритмін сипаттау
Қажетті дәлдікті қаматамасыз ету үшін шақыру әрекеттерінің қажеті санын есептеу ИСО 16269-6:2003.
Тиісті нақтылығы қаматамасыз ету үшін шақырулардың қажетті санын есептеу сәтсіз шақырулардың саны аспайтын, шақыруларды жоғалтудың белгіленген нормасы және шақыру әрекеттерінің саны тең фактісінің орын алу ықтималдығын байланыстыратын формуланың көмегімен орындалады:
Формуланы қолдану екі есеп нүктесін береді:
- Норманы кепілдікті сақтау шекарасы кері ықтималдық формуласына сүйене отырып, есептеледі:
S = 1 - P(S < s)
Бұл жағдайда, s және n мәндері мына шартқа сәйкес болады: егер n шақыруларды орындағаннан кейін жоғалған шақырулардың саны s аспаса, p сәтсіз шақыруларды үлесінің нормасы P сенімді ықтималдығымен сақталатын болады.
Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кездегі шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын (p=5.0%) және тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кездегі шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын (p=3.0%) сақтау шекаралары кестеде көрсетіледі.
1 – кесте. Сәтсіз шақырулардың үлесін жалпы шақырулар санынан аңықтау үшін сәтсіз шақырулар санын есептеу.
p=3.0%
p=5.0%
n-ша­қы­ру­лар­дың жал­пы са­ны
s- сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың са­ны
сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың үле­сі,%
n- ша­қы­ру­лар­дың жал­пы са­ны
s- сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың са­ны
сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың үле­сі,%
n- ша­қы­ру­лар­дың жал­пы са­ны
s- сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың са­ны
сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың үле­сі,%
98
0
0
58
0
0
1809
75
4.146
156
1
0.642
92
1
1.087
1831
76
4.151
207
2
0.966
123
2
1.626
1853
77
4.155
256
3
1.172
152
3
1.974
1875
78
4.16
302
4
1.325
180
4
2.222
1896
79
4.167
347
5
1.441
207
5
2.415
1918
80
4.171
391
6
1.535
233
6
2.575
1940
81
4.175
435
7
1.609
259
7
2.703
1962
82
4.179
477
8
1.677
285
8
2.807
1984
83
4.183
520
9
1.731
310
9
2.903
2005
84
4.19
561
10
1.783
335
10
2.985
2027
85
4.193
603
11
1.824
360
11
3.056
2049
86
4.197
644
12
1.863
385
12
3.117
2070
87
4.203
685
13
1.898
409
13
3.178
2092
88
4.207
725
14
1.931
433
14
3.233
2114
89
4.21
765
15
1.961
457
15
3.282
2136
90
4.213
805
16
1.988
481
16
3.326
2157
91
4.219
845
17
2.012
505
17
3.366
2179
92
4.222
885
18
2.034
529
18
3.403
2201
93
4.225
924
19
2.056
553
19
3.436
2222
94
4.23
964
20
2.075
576
20
3.472
2244
95
4.234
1003
21
2.094
600
21
3.5
2265
96
4.238
1042
22
2.111
623
22
3.531
2287
97
4.241
1081
23
2.128
646
23
3.56
2309
98
4.244
1120
24
2.143
670
24
3.582
2330
99
4.249
1158
25
2.159
693
25
3.608
2352
100
4.252
1197
26
2.172
716
26
3.631
2374
101
4.254
1235
27
2.186
739
27
3.654
2395
102
4.259
1274
28
2.198
762
28
3.675
2417
103
4.261
1312
29
2.21
785
29
3.694
2438
104
4.266
1350
30
2.222
808
30
3.713
2460
105
4.268
1389
31
2.232
831
31
3.73
2481
106
4.272
1427
32
2.242
854
32
3.747
2503
107
4.275
1465
33
2.253
876
33
3.767
2524
108
4.279
1503
34
2.262
899
34
3.782
2546
109
4.281
1541
35
2.271
922
35
3.796
2568
110
4.283
1578
36
2.281
944
36
3.814
2589
111
4.287
1616
37
2.29
967
37
3.826
2611
112
4.29
1654
38
2.297
990
38
3.838
2632
113
4.293
1691
39
2.306
1012
39
3.854
2654
114
4.295
1729
40
2.313
1035
40
3.865
2675
115
4.299
1767
41
2.32
1057
41
3.879
2697
116
4.301
1804
42
2.328
1080
42
3.889
2718
117
4.305
1842
43
2.334
1102
43
3.902
2740
118
4.307
1879
44
2.342
1125
44
3.911
2761
119
4.31
1916
45
2.349
1147
45
3.923
2782
120
4.313
1954
46
2.354
1169
46
3.935
2804
121
4.315
1991
47
2.361
1192
47
3.943
2825
122
4.319
2028
48
2.367
1214
48
3.954
2847
123
4.32
2065
49
2.373
1236
49
3.964
2868
124
4.324
2102
50
2.379
1259
50
3.971
2890
125
4.325
2139
51
2.384
1281
51
3.981
2911
126
4.328
2177
52
2.389
1303
52
3.991
2933
127
4.33
2214
53
2.394
1325
53
4
2954
128
4.333
2251
54
2.399
1347
54
4.009
2975
129
4.336
2288
55
2.404
1370
55
4.015
2997
130
4.338
2324
56
2.41
1392
56
4.023
2361
57
2.414
1414
57
4.031
2398
58
2.419
1436
58
4.039
2435
59
2.423
1458
59
4.047
2472
60
2.427
1480
60
4.054
2509
61
2.431
1502
61
4.061
2545
62
2.436
1524
62
4.068
2582
63
2.44
1546
63
4.075
2619
64
2.444
1568
64
4.082
2656
65
2.447
1590
65
4.088
2692
66
2.452
1612
66
4.094
2729
67
2.455
1634
67
4.1
2765
68
2.459
1656
68
4.106
2802
69
2.463
1678
69
4.112
2839
70
2.466
1700
70
4.118
2875
71
2.47
1722
71
4.123
2912
72
2.473
1744
72
4.128
2948
73
2.476
1765
73
4.136
Ескертпе:
Кестені пайдалану мысалы:
Өлшеулерді жүргізу барысында 158 бақылау шақырулар орындалды, оның ішінде бір шақыру сәтсіз болды, кесте деректері бойынша сәтсіз шақырулардың үлесі 0,642 тең.

1.9 Ұялы байланыс қызметтері

сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 9-қосымша
Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдері

Техникалық өлшемдер
Шақыру оқиғалары
Қызмет сапасының көрсеткіші
1
2
3
4
2.
Дауыстық ақпаратты жіберу
Дауыстық қосылуды орнатудың сәтсіз әрекеттер саны.
Орнатылған қосылулардың жалпы саны.
Сәтсіз әрекет: қосылу 15с ішінде орнатылған жоқ
Бастапқы нүкте:
RACH хабарлама арнасы бойынша жіберу
GSM үшін - «ACHANNEL_REQUEST»;
«Originating Conversational Call» сұрау себебімен «RRC CONNECTION REQUEST» бастапқы хабарламаның UMTS үшін
Соңғы нүкте:
«ALERTING» хабарламалары жіберілді:
1. В жағынан коммутаторға (UL);
2. коммутаторданA (DL) жағына
Ұялы (тіркелген) байланыс желісі абонентімен қосылуды орнату кезінде жалпы шақырулар санынан сәтсіз шақырулар үлесі
Сәтті орнатылған қосылулардың үзілу саны
Сәтті орнатылған қосылулардың жалпы саны.
Қосылуды үзу - оны абоненттің бастамашылығысыз тоқтату
Бастапқы нүкте:
«ALERTING» хабарламалары жіберілді:
1. В жағынан коммутаторға (UL);
2. коммутаторданA (DL) жағына
Соңғы нүкте:
GSM үшін: хабарламаларды қабылдау
«DISCONNECT» тарапы
А немесе В
UMTS үшін: бір уақытта «DISCONNECT» хабарламасы бір терминалдан коммутатор бағыты бойынша және хабарлама бақыланбайды
Орнатылған қосылудың қосылу бастамашылығысыз бойынша ажыраумен аяқталған шақырулар үлесі
Сөйлеудің түсініктілігі төмен дауыстық қосылулардың саны (дауыстық сэмпл)
Дауыстық қосылулардың жалпы саны (дауыстық сэмпл)
ITU-TR.862 (MOS PESQ< 2,8, MOS POLQA< 2,6) ұсынымдарға сәйкес түсініктіліктің ұсынылған деңгейінен төмен тестілік сөздік реттіліктердің үлесі
Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар үлесі
2
Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы
Өлшеулердің барлық сеансы бойынша шақырудың кідіру уақытының шамасы жөніндегі нормативтерді қанағаттандырмайтын бақылау шақырулардың саны.
Өлшеулердің барлық сеансы уақытындағы бақылау шақырулардың жалпы жиынтық саны.
Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі.
Бастапқы нүкте:
Хабарламаны RACH арнасы бойынша жіберу
GSM үшін - «A CHANNEL_REQUEST»;
«Originating Conversational Call» сұрау салу себебімен «RRC CONNECTION REQUEST» бастапқы хабарламаның UMTS үшін
Соңғы нүкте:
«ALERTING» хабарламалары жіберілді:
1. В жағынан коммутаторға (UL);
2. коммутаторданA (DL) жағына
Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын ұялы байланыс (тіркелген) желіде аяқталатын шақырулардың үлесі
Ұялы (тіркелген) байланыс желіде аяқталатын ұялы байланыс желідегі телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты және жауап белгісін кідірту уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар
3.
SMS хабарламаларды жеткізу
Жеткізілмеген SMS хабарламалардың саны
Жіберілген SMS хабарламалардың жалпы саны
Бастапқы нүкте:
Жіберуші мобильдік терминал SMS сервиске сұрау салумен «CM Service Request» хабарлама жіберді
Соңғы нүкте:
Қабылдағыш мобильдік терминалда хабарлама қабылданды «Message Transfer» (қабылдағыш терминал CP_DATA хабарлама жіберді (RP_ACK)
Жеткізілмеген SMS хабарлама: SMS хабарлама В жағында таймаут аяқталғанға дейін қабылданған жоқ, немесе қайталанды, не бұрмаланды
Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалар үлесі
SMS жеткізу уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын SMS үлесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

1 1. BCCH – базалық станциядан мобильдік терминал бағытына басқару ақпаратын жөнелту үшін қажетті басқарудың кең тарату арнасы;

2 2. RxLevel (ReceivedLevel) - GSM, dBm технологиясындағы пайдалы сигнал деңгейінің көрсеткіші;

3 3. RSCP (ReceiveSignalCodePower) – UMTS, dBm технологиясындағы мобильдік станция қабылдағыш енуінде қолданылатын пайдалы сигнал деңгейінің көрсеткіші;

4 4. RSRP (ReferenceSignalReceivedPower)- LTE, dBm технологиясының мобильдік станциясының қабылдағыш енуінде қабылданған пилоттық сигналдың қуаттылығының орташа мәні;

5 5. RACH (RandomAccessChannel) – мобильдік терминалдан базалық станцияға бағыттағы басқарудың жеке каналының белгіленуі туралы сұрану үшін қолданылатын рұқсат каналы;

6 6. RRCCONNECTIONREQUEST – бекітілген қосылыстың бірінші деңгейінде мобильдік терминал жөнелткен хабарлама;

7 7. ACHANNEL_REQUEST – каналдың бөлінуіне сұранысқа ие мобильдік терминал жөнелткен хабарлама;

8 8. ALERTING (ескерту) – мобильдік терминалдың жауапалдылық күйін сипаттайтын хабарлама;

9 9. DISCONNECTED (ажыратылған) – ажыратылған қосылысты сипаттайтын хабарлама;

10 10. SMS (ShortMessageService) – ұялы телефон көмегімен қысқа мәтінді хабарламаларды қабылдау мен жөнелтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технология;

11 11. SYN (synchronize) – қосылысты бекіту үшін тұтынушы жөнелткен топтама;

12 12. UL (UpLink) – мобильдік терминалдан базалық станцияға канал;

13 13. DL (DownLink) – базалық станциядан мобильдік терминалға арна.

1.10 ________ стандартына арналған мобильдік терминалдарының қоңырау шалуларының статистикасы

Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 10-қосымша
Нысаны
Ұялы байланыс көрсетілетін қызметі сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу нәтижелері туралы есеп
__________ қаласы 20__ж. «__» _______
Өлшеулер жүргізудің негіздемесі:__________________________________________________________.
Өлшеулерді жүргізген қызметкерлердің Т.А.Ә. және лауазымы:________________________________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Елді-мекеннің облысының, ауданы атауы нақтыланған
мекенжайы, атауы: ___________________________________________________________________________
Өлшеулер жүргізудің әкімшілік шекарасы:
_____________________________________________________________________________________________
Өлшеулер кешенінің сәйкестендіру деректері (жабдық түрі, тексеру мерзімі): _______________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
1. Ұялы байланыс қызметі сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу нәтижелері
1-кесте
________ стандартына арналған мобильдік терминалдарының қоңырау шалуларының статистикасы

Ұялы байланыс операторы
Орнатылған қосылулардың жалпы саны
Қосылуларды орнатудың сәтсіз әрекеттер саны
Сәтті орнатылған қосылулардың үзілу саны
1
2
3

n
2-кесте
________ стандартына арналған мобильдік терминалдардан SMS жіберу статистикасы

Ұялы байланыс операторы
Жіберілген SMS жіберу хабарламалардың жалпы саны
SMS жеткізілмеген хабарламалардың саны
1
2
3

n
3-кесте
______________ ұялы байланыс операторының сөздерді жеткізу сапасы

Сапа өлшемі
Стандарт
GSM
WCDMA
LTE
1
Дауыстық қосылулардың жалпы саны (сэмпл)
2
Сөйлеудің түсініктілігі төмен дауыстық қосылулардың (дауыстық сэмпл) саны
4-кесте
______________ ұялы байланыс операторының абонентінен абонентіне қосылуды орнату уақыты

Сапа өлшемі
Стандарт
GSM
WCDMA
LTE
1
Шақырулардың жалпы саны
2
Жауап беру сигналының
15 с артық кідіру шамасымен шақырулар саны
3
Жауап беру сигналының
10 с артық кідіру шамасымен шақырулар саны
5-кесте
______________ операторы көресетін ұялы байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері

Көрсетілетін қызметтер сапасының көрсеткіші
Стандарт
GSM
WCDMA
LTE
1
Ұялы байланыс желісі абонентімен бекітілген қосулы кезіндегі шақырулар жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесі, %
2
Тіркелген телефондық желісі абонентімен бекітілген қосулы кезіндегі шақырулар жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесі, %
3
Абоненттің бастамасы арқылы бекітілген қосылуды ажырауымен аяқталған шақырулар үлесі, %
4
Ұялы байланыс желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесі (≤15 с), %
5
Тіркелген желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесі (≤15 с), %
6
Қосылуды белгілеудің орташа уақыты
7
Сөзді жеткізу сапасы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар үлесі, %
8
Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалардың үлесі, %
Ескертпе:________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Лауазымды тұлғалар:
Лауазымы Т.А.Ә. қолы
____________________________________________________
Лауазымы Т.А.Ә. қолы
____________________________________________________

Қолданыстағы