Құжат мәтініне өту

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Қаулы · № 72/2 · қабылданған 16.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100582/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором Күшін жойған Қаулы ·№ 72/2 ·16.03.2016
25.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Күшін жойған Қаулы ·№ 72/2 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Атауы (қаз.)
Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72/2
Қабылданған күні
16.03.2016
Көрсетілген редакция
25.07.2019 100582_415682.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PM005022
ЭКБ идентификаторы
100582
Редакция идентификаторы
100582_415682
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:02

0 Тапсырыс берушілер үшін

мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау мен мемлекеттік сатып
алуларды ұйымдастыру мен
өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы
орындалатын бюджеттік
бағдарламаларды және тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

2 2. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастарушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалары және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «16» наурыздағы
№ 72/2 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалары және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Р/с №
Атауы
1
Ауданның жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының аясында конкурс (аукцион) әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың айлық есептік көрсеткіштен артық болған жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, тұрғын үйді конкурс (аукцион) әдісімен сатып алу

Қолданыстағы