Об определении сроков выполнения функций управляющей компании специальной экономической зоны "Бурабай" Республиканским государственным учреждением "Территориальный департамент Комитета по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан - администрация специальной экономической зоны "Бурабай"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков выполнения функций управляющей компании специальной экономической зоны "Бурабай" Республиканским государственным учреждением "Территориальный департамент Комитета по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан - администрация специальной экономической зоны "Бурабай"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы функцияларын атқару мерзімін айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 211
- Қабылданған күні
- 23.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2016 100625_74143.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013547
- ЭКБ идентификаторы
- 100625
- Редакция идентификаторы
- 100625_74143
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:22
0 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы функцияларын атқару мерзімін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы»
2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының функцияларын атқарсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының қызметін атқару мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9879 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қарашада «Әділет» ресми ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.