О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Сандыктауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Сандыктауского района
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-1/7
- Қабылданған күні
- 14.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2016 100813_68593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16BP00017A
- ЭКБ идентификаторы
- 100813
- Редакция идентификаторы
- 100813_68593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:10
0 Сандықтау ауданы
әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3967 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 қаңтарында «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысының;
«Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № А-3/55 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 4068 болып тіркелген, 2014 жылдың 11 сәуірінде «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысының;
«Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № А-6/139 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 4221 болып тіркелген, 2014 жылдың 13 маусымында «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.