Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения акима Аралтогайского сельского округа

Өзге акт · № 5 · қабылданған 15.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-100860/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения акима Аралтогайского сельского округа Қолданыста Өзге акт ·№ 5 ·15.02.2016
15.02.2016 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения акима Аралтогайского сельского округа

Қолданыста Өзге акт ·№ 5 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения акима Аралтогайского сельского округа
Атауы (қаз.)
Аралтоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
15.02.2016
Көрсетілген редакция
15.02.2016 100860_67397.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CBC04783
ЭКБ идентификаторы
100860
Редакция идентификаторы
100860_67397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:31

0 Аралтоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Аралтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Аралтоғай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 1) Аралтоғай селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 7 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-79 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 маусымдағы аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне:

кіріспедегі «және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталынсын;
мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.

2 2) Аралтоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 6 «Аралтоғай селосының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-118 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінде:

мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауы және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының», «село» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылының», «ауыл» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталынсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы