О ставках земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 29.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2018 100906_302009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16LH005430
- ЭКБ идентификаторы
- 100906
- Редакция идентификаторы
- 100906_302009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:15
0 Жер салығының мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387- бабының 1- тармағына және 386- бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
2-1 2-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
3
3. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 қарашадағы кезектен тыс ХLVІ сессиясының №343 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда №5259 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда «Тіршілік тынысы» газетінің № 98 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Б.Дүйсенов
«29» ақпан 2016 жыл.