Об утверждении реестра должностей гражданских служащих Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении реестра должностей гражданских служащих Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 25.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2016 100908_126604.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013574
- ЭКБ идентификаторы
- 100908
- Редакция идентификаторы
- 100908_126604
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:56
0 Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрлігінің азаматтық
қызметшілер лауазымдарының
тізілімін бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
«__» _________ 2016 ж.
0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 64 бұйрығымен
бекітіген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
№ р/р
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
1
2
3
4
БЛОК А (басқарушылық персонал)
1.
А1
1
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» (бұдан әрі – МБА) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (ректор)
2.
1-1
МБА басшысының орынбасары (вице-ректор)
3.
А2
1
МБА Институт/Мектеп директоры, Орталық басшысы, ғалым хатшы, бас бухгалтер
4.
1-1
МБА Институт/Мектеп директорының орынбасары, орталық басшысының орынбасары, Қызмет басшысы,
бас бухгалтердің орынбасары
5.
А3
1
МБА кафедра меңгерушісі, Қызмет басшысының орынбасары, бөлім басшысы
6.
1-1
МБА сектор меңгерушісі, кабинет меңгерушісі
БЛОК В (негізгі персонал)
7.
В1
1
МБА профессор, бас ғылыми қызметкер
8.
2
МБА доцент, жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы
9.
3
МБА аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы
10.
4
МБА ғылыми қызметкер, кеңесші, аға сарапшы, аға әдіскер
11.
5
МБА кіші ғылыми қызметкер, сарапшы, әдіскер
БЛОК С (әкімшілік персонал)
12.
С1
МБА бас әкімші, бас редактор, бас инспектор, бас инженер, баспасөз хатшысы, ректордың көмекшісі
13.
С2
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
Бухгалтер, экономист, заңгер, барлық мамандықтар бойынша инженерлер, консультант, аудармашы, библиограф, кітапханашы, мастер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дыбыс режиссері, инструктор, механик, мұрағатшы, инспектор.
14.
С3
Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар:
Барлық мамандықтар бойынша инженерлер, мастер, техник, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дыбыс режиссері, нұсқаушы, механик, мұрағатшы, инспектор.
Меңгеруші: шаруашылық, қойма, бюро (анықтама, машинаға теру, ақпараттық, көшіру-көбейту бойынша), видеотека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, жатақхана.
Блок D (қосалқы персонал)
15.
D
Техникалық орындаушылар:
Комендант, іс жүргізуші, рұқсатнама бюросының кезекшісі, оператор (компьютерлік техника, бейне-дыбыс жазу бойынша), күзетші, байланыс жүйелері мен көшіру-көбейту машиналарының операторы, хатшы, диспетчер, архивариус.