Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 15.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 101010_90534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PD005053
- ЭКБ идентификаторы
- 101010
- Редакция идентификаторы
- 101010_90534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:03
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көретін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуына және жұмысқа қабылдауына жәрдемдесу мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
4. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.