Об утверждении регламента государственной услуги "Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп"
- Атауы (қаз.)
- "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 04.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2019 101018_422307.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003781
- ЭКБ идентификаторы
- 101018
- Редакция идентификаторы
- 101018_422307
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:09
0 «Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік
тізілімінен үзінді» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2
2. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тұрдалиев Серік Мелисовичқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы « 4 » наурыз
№ 119 қаулысымен бекітілген
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 бұйрығымен бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт) көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекекттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1 1) өтінішті қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2 2) өтінішті қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3
3) жауапты орындаушының туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіні рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау. Нәтижесі - туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4
4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіге қол қою және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау. Нәтижесі - туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау;
5 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіні беру.
Мемлекекттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылдың) орындаудың ұзақтығы Стандарттың 4-тармағына сәйкес.
24 «Туристік маршруттар мен
соқпақтардың мемлекеттік
тізілімінен үзінді» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді»