Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил утверждения конструкций транспортных упаковочных комплектов

Бұйрық · № 51 · қабылданған 09.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101034/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил утверждения конструкций транспортных упаковочных комплектов Қолданыста Бұйрық ·№ 51 ·09.02.2016
20.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил утверждения конструкций транспортных упаковочных комплектов

Қолданыста Бұйрық ·№ 51 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил утверждения конструкций транспортных упаковочных комплектов
Атауы (қаз.)
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
09.02.2016
Көрсетілген редакция
20.03.2023 101034_707220.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013549
ЭКБ идентификаторы
101034
Редакция идентификаторы
101034_707220
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:35

0 Көліктік қаптама комплектілерінің

конструкцияларын бекіту
қағидаларын бекіту туралы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
11 ақпан 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
18 ақпан 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
27 ақпан 2016 жыл

2 Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен
бекітілген
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын
бекіту қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібі

2

2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.

5 5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы шешім дайындайды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы;

2 2) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданудан бас тарту туралы.»;

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы шешімі 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімі сертификат-рұқсаттың түпнұсқасында көрсетілген мерзімде қолданылады.

7

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында «Энергетика министрлігі» деген бөлімде орналастырады.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

9 9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

10 10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес сотқа шағымданады.

2.1 Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына

1-қосымша

2.2 Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына

2-қосымша

2.3 «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына
3 -қосымша
«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші).
2.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).
3.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
20 (жиырма) жұмыс күні.
4.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған).
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
6.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын және уран гексафторидін бекіту үшін мынадай құжаттардың электрондық көшірмесі:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;
4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:
осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;
басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.
9.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер
1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады.
5) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер
1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөліміндегі «Көрсетілетін қызметтер» деген кіші бөлімінде;
Порталда орналасқан;
2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» деген бөліміндегі «Көрсетілетін қызметтер» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

2.3.1 Өтінім

«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
1-қосымша
Нысан
Кімге __________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Кімнен __________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)/
заңды тұлғаның атауы)
Өтінім
Сізден_________________(толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді сұраймын.
Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Толтырылған күні 20__ жылғы «___» ____________

2.3.2 Өтінім

«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
2-қосымша
Нысан
Кімге ______________________
(Көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
__________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)/ заңды
тұлғаны атауы)
Өтінім
Сізден 20__ жылғы «___» ________ дейінгі мерзімге ____________ (толық атауы) көліктік қаптама
комплектілерінің конструкциясын ______________________________________________________________
(сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі)
Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға рұқсат беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Толтырылған күні 20__ жылғы «___» ____________

2.3-1 Көліктік қаптама

комплектілерінің конструкцияларын
бекіту қағидаларына
3-1-қосымша

2.4 Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына

4-қосымша
Нысан
[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде
[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде
Өтінімді одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
[МО атауы], Сіздің [Өтінім берген күн] № [Өтінім нөмірі], өтініміңізді қарап,
__________________________________________________хабарлайды.
[Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)]

2.5 Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына
5-қосымша
Нысан
[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде
[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
№ ____________________ от «___» ___________ 201__ года
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Көліктік қаптама комплектілерінің
конструкциясын бекіту туралы
[Бұйрық мәтіні қазақ тілінде]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]

2.6 Көліктік қаптама

комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде
[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
№ __от «___» ________201__ года
Астана қаласы город Астана
Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттар күшін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуын тарату туралы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес ядролық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.____________________________________________________________
Көліктік қаптама комплектінің аббревиатурасы, құзырлы органның тану белгiсi, радиоактивті ішіндегісі
Сертификат-рұқсаттың қолданылу мерзімі
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Негіздеме: ______________________________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]

Қолданыстағы