Құжат мәтініне өту

Об учреждении в честь "Дня печати" ежегодной премии акима области имени основоположника казахской журналистики, профессора Т.С.Амандосова за цикл публикации статей в средствах массовой информации области

Өзге акт · № 227 · қабылданған 18.06.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-10110/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об учреждении в честь "Дня печати" ежегодной премии акима области имени основоположника казахской журналистики, профессора Т.С.Амандосова за цикл публикации статей в средствах массовой информации области Күшін жойған Өзге акт ·№ 227 ·18.06.2001
30.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об учреждении в честь "Дня печати" ежегодной премии акима области имени основоположника казахской журналистики, профессора Т.С.Амандосова за цикл публикации статей в средствах массовой информации области

Күшін жойған Өзге акт ·№ 227 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учреждении в честь "Дня печати" ежегодной премии акима области имени основоположника казахской журналистики, профессора Т.С.Амандосова за цикл публикации статей в средствах массовой информации области
Атауы (қаз.)
"Баспасөз күнi" мерекесi құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлығын тағайындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
18.06.2001
Көрсетілген редакция
30.03.2009 10110_215729.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01T000563_
ЭКБ идентификаторы
10110
Редакция идентификаторы
10110_215729
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:44

0 "Баспасөз күнi" мерекесi құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлығын тағайындау туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
Облыстағы баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары журналистерiнiң Тәуелсiздік алған жылдардағы табыстар мен жетiстiктердi, аумақтық рухани-мәдени дамуын, әлеуметтiк экономикалық ахуалын, нарық жағдайындағы өзгерiстердi көрсетудегi шығармашылық жұмыстарын көтермелеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығының "Баспасөз күнi" кәсiптiк мерекесi құрметiне ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. "Баспасөз күнi" мерекесi құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлығы тағайындалсын.

2 2. Қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң сыйлығы тағайындалатын үздік журналистiк жұмыстарға конкурс жариялау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша)

3 3. Үздік журналистiк жұмыстарды айқындайтын комиссия құрылсын (N 2 қосымша) және конкурс қорытындысы "Баспасөз күнi" кәсiптiк мереке қарсаңында 25 маусымға дейiн шығарылсын.

4 4. Облыстық мәдениет басқармасына (Б.Иманғалиев) Тәуелсiздіктiң 10 жылдығын өткiзуге бюджетте бөлiнген қаржының аумағында 2634100 "Жергiлiктi жердегi халықтың мәдени демалысын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша қаржыландыру тапсырылсын.

5 5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Мұрсәлиеваға жүктелсiн.

6 Атырау облысы әкімінің

2001 жылғы 19 маусым
N 227 шешiмiне N 1 қосымша
"Баспасөз күнi" құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына жыл сайын қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң сыйлығын тағайындау туралы конкурстың ережелерi:

1

1. Төрт журналистiң мақалалар топтамасы iрiктеледi, оның екеуi электронды бұқаралық ақпарат құралдарында берiлген хабарларға, екеуi газеттерде жарияланған мақалаларға тағайындалады. Екеуi қазақ тiлiндегi, екеуi орыс тiлiндегi материалдар болуы керек. Төрт сыйлық журналистiң әрқайсысына 40 мың теңге көлемiнде берiледi.

2 2. Конкурсқа әр жылғы баспасөз күнi аралығында аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жергiлiктi журналистер шығармалары қатыстырылады.

3 3. Конкурсқа қатысатын журналистердiң шығармаларында облыстың әлеуметтiк-экономикалық тыныс-тiршiлiгiне, нарықтық реформалардың жүргiзу барысына, елдi демократияландыруға, әлуетiн, рухани-мәдениетiн қалыптастыруға қатысты мәселелер қамтылуы тиiс.

4 4. Конкурсқа жоғарыдағы талаптарға сай келетiн проблемалық, публицистикалық бейне көрсетiлiмдер iрiктеледi.

5 5. Конкурсқа iрiктелетiн материалдардың тiлi жатық, ойы ұшқыр, көтерiп отырған мәселесi жан-жақты қамтылған, терең талданған, оқырмандар мен көрермендер талабына жауап берерлiктей болуы тиiс.

6 6. Iрiктелінген шығармадан журналистiң өзi жазып отырған мәселесiн, көтерген тақырыбын жетiк бiлетiндiгi, бүгiнгi нарықтық қатынастар талабына сай жаңаша ойлау қабiлетiнiң жоғарылығы, жату, мәселенi көрсете бiлу шеберлiгi айқын аңғарылып тұруы қажет.

7 7. Егер үздiк шығарма ретiнде бiрнеше журналистiң мақаласы iрiктелген болса, онда журналистердiң конкурс шартындағыдан басқа тақырыптарды көрсету шеберлiктерi де ескерiледi.

8 8. Конкурсқа журналистердiң осы ереже талабына сай келетiн тақырыпқа жазылған бiр немесе бiрнеше материалы қатыстырылады.

9 9. Конкурсты арнайы құрылған комиссия "Баспасөз күнi" кәсiптiк мерекесi қарсаңында қорытындылайды және оның қорытындысы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

16 Атырау облысы әкімінің

2001 жылғы 19 маусым
N 227 шешiмiне N 2 қосымша
Қазақ журналистикасының негiзiн салушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Жоғары мектебiне еңбегi сiңген қайраткер, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң сыйлығын беруде үздік журналистiк шығармаларды айқындау жөнiндегi комиссияның құрамы
Мұрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкiмiнiң орынбасары, төрайым;
Қожиев Болат Сандыбайұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы, төрайым орынбасары;
Төлеуiшов Әбiлхан Сейтiмұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бұқаралық ақпарат құралдары бөлiмiнiң бас маманы, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Дәулетов Болат - Қазақстан Журналистер Одағы Атырау филиалының төрағасы, мүше
Қорқытов Берiк Ыбырашұлы - ардагер, драматург-жазушы, мүше
Қуанышқали Хабиболла Жұмабекұлы - облыс әкiмi аппараты әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, мүше.

Қолданыстағы