О Правилах формирования информационной базы данных по устойчивому развитию Республики Казахстан на сервере Организации Объединенных Наций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах формирования информационной базы данных по устойчивому развитию Республики Казахстан на сервере Организации Объединенных Наций
- Атауы (қаз.)
- Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1295
- Қабылданған күні
- 07.10.2001
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2016 AI10117_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010001295_
- ЭКБ идентификаторы
- 10117
- Редакция идентификаторы
- AI10117_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:32
0 Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2016 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы саласындағы жетістіктерімен халықаралық жұртшылықты хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру үшін жауаптылық жүктелсін.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 922 қаулысымен.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
4 Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 8 қазандағы
N 1295 қаулысымен бекітілген
Біріккен Ұлттар Ұйымы серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы ақпаратын жинау мен өңдеу және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде дерекқорын қалыптастыру мәселелерiн шешу үшiн әзiрлендi.
2 2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"Тұрақты даму" - әлеуметтiк-экономикалық мiндеттер мен қоршаған орта проблемаларын теңдестiре шешу әрi адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты да қолайлы қоршаған ортаға қажетiн қанағаттандыру.
3
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi тұрақты даму жөнiндегi деректердi жинау, өңдеу және кейiннен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру үшiн оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне беру мәселелерi бойынша үйлестiрушi орган болып табылады.
2 2. Қалыптастыру тәртiбi
4
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi БҰҰ хатшылығы мемлекеттердiң тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру және ақпаратты БҰҰ серверiнде орналастыру шеңберiнде дайындаған, құрамына Қазақстан Республикасы кiретiн БҰҰ-ға мүше елдер үшiн жасалған тұрақты даму жөнiндегi сұрақтар тiзбесiн жыл сайын министрлiктерге, агенттіктерге және жергілiктi атқарушы органдарға жiбередi.