Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ценообразования на товары, работы, услуги, производимые и реализуемые субъектом государственной монополии, специального права

Бұйрық · № 134 · қабылданған 15.03.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101170/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил ценообразования на товары, работы, услуги, производимые и реализуемые субъектом государственной монополии, специального права Қолданыста Бұйрық ·№ 134 ·15.03.2016
01.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ценообразования на товары, работы, услуги, производимые и реализуемые субъектом государственной монополии, специального права

Қолданыста Бұйрық ·№ 134 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ценообразования на товары, работы, услуги, производимые и реализуемые субъектом государственной монополии, специального права
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
134
Қабылданған күні
15.03.2016
Көрсетілген редакция
01.07.2022 101170_583381.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013588
ЭКБ идентификаторы
101170
Редакция идентификаторы
101170_583381
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:03

0 Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 120-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының
4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк монополия, арнайы құқық субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 178 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10150 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 15 наурыздағы
№ 134 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) арнайы құқық субъектісі – Кодекстің 193-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

2 2) баға белгілеу – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;

3 3) бөлу базасы – шығындарды бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

4 4) бөлу коэффициенті – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арасындағы шығындарды бөлектеп есепке алу үшін бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған жанама шығындардың үлесі;

5

5) жария тыңдаулар – мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі;

6 6) қайта құрылған субъект – бір қаржы жылы ішінде нақты шығындары қалыптаспаған, құрылған сәтінен бастап күнтізбелік бір жылдан кем уақытта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіретін және өткізетін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі;

7 7) мемлекеттік монополия субъектісі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын, Мемлекеттік техникалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік кәсіпорын;

8 8) негізделген баға – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің негізделген шығындарының және пайдасының негізінде айқындалған баға;

9 9) өзіндік құн – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасында уәкілетті орган ескеретін шығындар жиынтығы;

10 10) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей шығындар – белгілі бір тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылған шығындар;

11 11) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке жанама шығындар – белгілі бір тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылмайтын, бірақ шығындардың туындау себептерін көрсететін бөлу базалары негізінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бөлінуі мүмкін шығындар;

12 12) уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекеттік монополияның, арнайы құқықтың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және (немесе) оның ведомствосы.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу

3 3. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне бағаларды қалыптастыру тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

3-1 3-1. Бөлек есепке алуды жүргізу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер мен шығындар туралы деректерді бөлек жинау және қорыту жүйесін білдіреді.

3-2 3-2. Бөлек есепке алу осы Қағидаларға сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша кірістер мен шығындарды бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделеді.

3-3 3-3. Кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі осы Ереженің 3-6-тармағын ескере отырып, есеп саясатының жеке бөлімі түрінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін өзінің бөлу базасын айқындайды.

3-4 3-4. Бөлу базасы ретінде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемі не осы тауарлардан, жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден алынған табыс, персоналдың еңбегіне ақы төлеу сияқты көрсеткіштерді таңдайды.

3-5 3-5. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен кірістер бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректері негізінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша, оның ішінде технологиялық байланысты қызмет түрлері бойынша бөлек есепке алынады:

1) мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатқызылған қызмет түрлері бойынша – уәкілетті орган бекіткен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің нақты көлеміне және бағаларға сәйкес;
2) қызметтің өзге де түрлері, оның ішінде мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа технологиялық байланысты түрлері бойынша – тиісті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне және осы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер ұсынылған бағаларға қарай өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарға сүйене отырып жүзеге асырылады.

3-6 3-6. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге және өткізуге арналған тікелей шығындар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне тікелей қатысты.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге және өткізуге жанама шығындар есеп саясатында айқындалған бөлу базалары негізінде есептелген бөлу коэффициенттері бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне жатады.

3-7 3-7. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір түрін өндіруге және өткізуге байланысты персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар тікелей болып табылады және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне толық жатады.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің екі және одан да көп түрлерін өндіруге және өткізуге байланысты персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар жанама болып табылады және бөлу базасы мен бөлу коэффициентін пайдалана отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлеріне бөлінеді.

4

4. Қайта құрылған мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру пайда болған нақты шығындар бойынша күнтізбелік жыл өткен соң баға сараптамасынан қайта өткен кезде жоспарланатын шығындардың негізінде жүзеге асырылады.

5

5. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне негізделген баға қалыптастыру кезінде өзіндік құнда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге (көрсетуге) тікелей жататын шығыстар және негіздеуші құжаттармен (шарттармен, шот-фактуралармен, қаржылық құжаттармен) расталған:

1

1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларға және материалдық ресурстардың нақты көлеміне сүйене отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, энергия, материалдық ресурстар шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, айқындалатын материалдық шығыстар;

2

2) оларды жүргiзу қажеттігiн құжаттамалық техникалық растау және жиынтық сметалық есептемелер, объектiлiк, жергiлiктi және ресурстық сметалар (әрбiр объект бойынша жеке) болған жағдайда, субъектiнiң негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жiберетiн қаражаты;

3 3) шығыстарға бағытталған, бағаның шығын бөлiгiнде ескерiлмеген субсидияларды қоспағанда, бағаның шығын бөлiгiн азайтуда ескерiлетiн субъектiге мемлекеттiк бюджет қаражатынан бөлiнетiн субсидиялар;

4

4) еңбек жағдайлары үшiн еңбек заңнамасына сәйкес қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеудi қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстар бағаларды қалыптастыру кезiнде ескерiледi, бұл ретте еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды айқындау кезiнде персоналдың (әкiмшiлiк-басқару және өндiрiстiк) нақты саны және инфляция деңгейiнiң болжамды өзгерiсiн ескере отырып, қолданыстағы бағалармен қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;

5 5) субъектiнiң есепке алу саясатында көзделген әдiстi пайдалана отырып айқындалатын және негiзгi құралдар құнының ұлғаюына алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жіберілетін, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) iске асыруға арналған амортизациялық аударымдарға;

6

6) оларды тарту қажеттiгiн құжаттамалық растау, әлеуеттi өнiм берушiлердi, қызметтердi қаржыландыру және қарыз ресурстарын қайтару шарттары болған жағдайда инвестициялық жобаны iске асыруға немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндiрiсiнде қолданылған негiзгi құралдарды сатып алуға (инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда) қарыз қаражаты үшiн сыйақы төлеуге арналған шығыстар;

7 7) аудиторлық, консалтингтiк, маркетингтiк қызметтерге;

8 8) қоршаған ортаға эмиссия үшiн ақы төлеуге;

9 9) кезең шығыстарында ескерiлетiн мiндеттi сақтандыру түрлерiне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге арналған шығыстар ескеріледі.

6

6. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық cубъектісінің бағаларын қалыптастыру кезінде өзіндік құнда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге (көрсетуге) тікелей жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық құжаттар) расталмаған шығыстар, оның ішінде:

1 1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өндiру (көрсету) кезiнде пайдаланылмайтын негiзгi құралдардың амортизациялық аударымдары;

2 2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшiн төлемдер;

3 3) үмiтсiз борыштар;

4 4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлерi, сот шығындары;

5 5) кірісті жасырғаны (кемiткенi) үшiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;

6 6) ұрлықтан келген залалдар;

7 7) қызмет көрсетушi шаруашылықтар мен учаскелер өндiрiсiне тартылмаған активтердi ұстауға арналған;

8 8) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау, мектепке дейiнгi балалар ұйымдары, оқу орындары объектiлерiн ұстауға арналған;

9 9) сауықтыру лагерьлерiн, мәдениет және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстауға арналған;

10 10) пайызсыз несиелерді қоса алғанда, ұйым жұмыскерлерiнiң тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерiн өтеуге арналған;

11 11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзуге арналған;

12 12) бау-бақша серiктестiктерiн абаттандыруға (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) арналған;

13 13) демеушiлiк көмек көрсетуге арналған;

14 14) ақаудан болған шығындарға арналған;

15 15) өндiрiстi вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, субъектiлердiң персоналы үшiн пәтерлердi, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегi орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған;

16 16) мерейтойлар күнiне немесе жұмыскерлерге ынталандыру түрiнде берiлетiн сыйлықтарды сатып алуға арналған;

17 17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындарға, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетiспеушiлiгiне, басқа өндiрiлмейтiн шығыстарға;

18 18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және ынталандырудың басқа да нысандарына арналған;

19 19) өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты iс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтердi, лекцияларды, көрмелердi, пiкiрталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерiмен кездесулердi, ғылыми-техникалық конференцияларды өткiзуге және ұйымдастыруға арналған;

20 20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелiк жарналарға арналған;

21 21) бiлiм беру ұйымдарында оқитын жұмыскерлердiң оқу демалыстарына ақы төлеуге арналған;

22 22) кәсiби ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, субъектiнiң қаражаты есебiнен жұмыскерлердiң және олардың балаларының емделуiне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеуге арналған;

23 23) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тарауында белгіленген шегерімдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдері (субъект өз жұмыскерлерiнiң пайдасына жасаған жеке және мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша субъект төлеп отыратын жарналар);

24 24) жұмыскерлерге қосымша берiлген демалыстарға (2015 жылғы

23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 87-бабында көзделгеннен тыс), оның iшiнде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеуге, жұмыскердiң отбасы мүшелерiне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге арналған шығыстар;

25 25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен басқа, субъектiнiң жұмыскерлерiне берілген жеңiлдiктер;

26 26) мектепке дейiнгi мекемелердегi, санаторийлердегi және сауықтыру лагерьлерiндегi балалардың тамақтану құнын өтеуге жұмсалатын шығыстар;

27 27) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсiптiк одақтарға аударымдар ескерiлмейдi.

7

8 8. Кодекстің 90-6-бабының 29) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасына сараптама жүргізеді.

Бағаларға сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері мыналарды:

1 1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы жазбаша нысандағы ақпаратты;

2

2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының алдағы уақытта өзгеретіні (өсетіні және (немесе) төмендейтіні) және өзгеру (өсу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын, негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, олардың өзгеруінің (өсудің және (немесе) төмендеудің) себептері туралы хабарламаны кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын береді.

1

2 Бағалардың алдағы уақытта өзгеруі (өсуі және (немесе) төмендеуі) туралы хабарламаға мыналар қоса берiледi:

1 1) өзгеру (өсу және (немесе) төмендеу) себептерiн растайтын құжаттар (шикiзат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өзгеруін (өсуін және (немесе) төмендеуін) растайтын тиiстi шарттардың көшiрмелерi);

2 2) қызметтiң әрбiр түрi бойынша бағалар жобасы;

3 3) бухгалтерлiк баланс;

4 4) пайдалар мен залалдар туралы есеп;

5 5) еңбек және жалақы жөнiндегi есеп;

6 6) өндiрiстiк-қаржы қызметi туралы есеп;

7 7) негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердiң болуы және олардың қозғалысы;

8 8) тұтастай кәсiпорын және қызметтің әрбiр түрi бойынша жеке шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып, бағалардың жобасын есептеу үшiн қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтықты деректер;

9 9) еңбекақы төлеудiң қолданылып отырған жүйесi туралы мәлiметтер;

10 10) шикiзат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, жұмыскерлердiң нормативтiк саны туралы мәліметтер;

11 11) есепке алу саясаты;

12 12) бар болған жағдайда, инвестициялық бағдарламалар (жобалар);

13 13) ағымдағы және күрделi жөндеуге және негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

14 14) негiзгi құралдар құнының ұлғаюына алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

15 15) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есептемелері;

16 16) өткiзудiң жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар – ниет білдіру хаттамалары, шарттар, өндiру (жеткiзу) көлемдерiнiң есептемелерi, жобалық қуаты және оны iс жүзiнде пайдалану туралы деректер, сондай-ақ өндiрiс (жеткiзу) көлемi төмендеген жағдайда субъектiлер негiздеме ұсынады;

17 17) дебиторлық және кредиторлық берешектiң таратылып жазылуы;

18 18) жария тыңдауларды өткізу туралы хаттама.

9 9. Сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайды.

10 10. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.

11 11. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

12 12. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.

13 13. Сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

3 3-тарау. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жария тыңдауларды өткізу тәртібі

14 14. Жария тыңдауларды өткізу қағидаттары:

1 1) жариялылық;

2 2) тұтынушылар мен мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;

3 3) мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын қалыптастырудың ашықтығы.

3

15 15. Уәкілетті мемлекеттік орган жария тыңдауларды өткізетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және республикалық баспасөз басылымдарында жариялайды.

Жария тыңдаулар монополияға қарсы органға бағалардың сараптамасын жүргізу үшін хабарламаны және ақпаратты ұсынғанға дейін өткізіледі.

16 16. Алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:

1 1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан орнын;

2 2) тыңдаулардың өткізілетін күні, орны мен уақытын;

3 3) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің атауын және олардың бағаларын бекітуге хабарлама немесе ақпарат берілген мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерін;

4 4) уәкілетті мемлекеттік органның және мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің ақпарат алу мүмкін болатын байланыс телефондарын;

5 5) уәкілетті мемлекеттік органның және мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің интернет-ресурсының мекенжайын (болған жағдайда) қамтиды.

4

4

5

17 17. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша жазбаша түрде үш жұмыс күн ішінде:

мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобаларын;
мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын көтеру себептері туралы экономикалық негізделген есептеулері бар ақпаратты береді.

18 18. Тыңдаулар алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыруда көрсетілген үй-жайда кедергісіз кіруді қамтамасыз ету арқылы өткізіледі.

19 19. Жария тыңдаулар өткізу үшін мемлекеттік уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі – төраға) тағайындалады. Төраға мемлекеттік уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан жария тыңдаулардың хаттамасын жүргізетін хатшыны тағайындайды.

20 20. Жария тыңдауларды өткізу процесінде жазбаша нысанда хаттама жүргізіледі.

21 21. Төраға әрбір жария тыңдауға регламент белгілейді.

22 22. Төраға белгіленген уақытта тыңдауларды ашады, олардың мақсатын және күн тәртібін жариялайды. Төраға қатысушыларды тыңдауларды өткізу регламентімен таныстырады.

23 23. Өз сөзінде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұсынылып отырған баға деңгейіне растаушы фото, бейне материалдарды қоса бере отырып, толық түсіндіру және негіздеме береді (болған кезде).

24 24. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлейтіндерге сұрақтар қояды, қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, тыңдауларға қатысушының тыңдау регламентін бұзатын, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөзін тоқтатады.

Жария тыңдауларды өткізу кезінде тәртіпті бұзатын адамға төраға ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда тыңдауларға қатысып отырған адам үй-жайдан шығарылады.

25 25. Жария тыңдауларға қатысушылар қаралып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын, пікірін білдіреді, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, өз сөзінде қосалқы материалдарды (плакаттар, кестелер және тағы басқалар) пайдаланады және хаттамаға сөйлеген сөзін жазбаша қоса береді.

26 26. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады.

Қолданыстағы