Құжат мәтініне өту

Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы

Қаулы · № 2/122 · қабылданған 08.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101205/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 2/122 ·08.04.2016
06.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 2/122 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының жекеленген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/122
Қабылданған күні
08.04.2016
Көрсетілген редакция
06.03.2023 101205_825920.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16R0001278
ЭКБ идентификаторы
101205
Редакция идентификаторы
101205_825920
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:42

0 Алматы қаласының

жекеленген аумақтарына
көлік құралдарының кіруін
шектеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңының 17 бабы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және көлік жүктемесін және қоршаған ортаға антропогендік ықпалын төмендету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеу.

Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 12.06.2026 № 87-НҚ нормативтік қаулысымен осы қаулының 1-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.
1-1. 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы аумақта қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына кіруге шектелуге жатпайды.

2 2. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы