О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
- Атауы (қаз.)
- Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/327-V
- Қабылданған күні
- 18.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2020 101233_471404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VC004462
- ЭКБ идентификаторы
- 101233
- Редакция идентификаторы
- 101233_471404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:00
0 Жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу
Курчатов қалалық
мәслихатының
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 44/327-V шешіміне
қосымша
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу
1 1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
2 2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Курчатов қаласы Құрылысшылар алаңы.
3 3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі бойымен № 51 үйден бастап Құрылысшылар аллеясына дейін, Абай көшесінің қиылысынан бастап Победа көшесі бойымен Жеңіс алаңына дейін.
4 4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
5 5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1 1)көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2 2)елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3 3)ауданның жергiлiктi атқарушы органмен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4 4)шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5 5)жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6 6)өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7
7)егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
6
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7 7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
8 8. Пикет өткізу кезінде:
1 1)пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2 2)көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3 3)қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.
9 9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру қаланың жергілікті атқарушы органының белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10
10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың ( қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
11
11. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қаланың жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.