О переименовании и преобразовании в акционерные общества отдельных высших учебных заведений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании и преобразовании в акционерные общества отдельных высших учебных заведений
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1313
- Қабылданған күні
- 10.10.2001
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI10135_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010001313_
- ЭКБ идентификаторы
- 10135
- Редакция идентификаторы
- AI10135_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:32
0 Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1 1) Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің жарғысына өзгерістер енгізсін және әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы
N 1313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.
3 3. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 6-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-1, 16-2, 16-3, 16-4, 16-5, 16-6, 16-7, 16-8-жолдармен толықтырылсын:
"16-1 "Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университеті" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы
16-2 "Қарағанды мемлекеттік техникалық
университеті" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы
16-3 "Қазақ мемлекеттік заң академиясы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы
16-4 "Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Өскемен қаласы
16-5 "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Көкшетау қаласы
16-6 "Қарағанды мемлекеттік медицина
академиясы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы
16-7 "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
медицина академиясы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Шымкент қаласы
16-8 "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық
институты" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Арқалық қаласы".
4 4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 2, 9, 14, 16, 20, 29, 31-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-1-жолмен толықтырылсын:
"32-1 Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік
университеті Ақтау қаласы".