Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района

Қаулы · № 71 · қабылданған 15.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101378/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района Қолданыста Қаулы ·№ 71 ·15.04.2016
15.04.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района

Қолданыста Қаулы ·№ 71 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71
Қабылданған күні
15.04.2016
Көрсетілген редакция
15.04.2016 101378_69632.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G16TD00071A
ЭКБ идентификаторы
101378
Редакция идентификаторы
101378_69632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:34

0 Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р.Өтеғалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

4 Аудан әкімдігінің 2016 жылғы

15 сәуірдегі №71 қаулысына
қосымша
Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылатын
қаулыларының тізбесі

1

1.«Ауданда мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №84 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-4-182 тіркелген, 2011 жылғы 23 маусымда «Нарын таңы» газетінде жарияланған);

2

2. «Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №84 «Ауданда мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 қазандағы №182 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2628 тіркелген, 2012 жылғы 25 қазанда «Нарын таңы» газетінде жарияланған);

3

3. «Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №236 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3402 тіркелген, 2016 жылғы 07 қаңтарда «Нарын таңы» газетінде жарияланған);

Қолданыстағы