Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Өзге акт · № 616 · қабылданған 19.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101393/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Күшін жойған Өзге акт ·№ 616 ·19.02.2016
24.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Күшін жойған Өзге акт ·№ 616 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Атауы (қаз.)
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
616
Қабылданған күні
19.02.2016
Көрсетілген редакция
24.07.2020 101393_474634.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KO003727
ЭКБ идентификаторы
101393
Редакция идентификаторы
101393_474634
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:26

0 Жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу
туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 – бабының 15) тармақшасына сәйкес Осакаров аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2

2. Осакаров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» № 279 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-71 болып тіркелген, 2007 жылғы 18 шілдедегі «Сельский труженик» № 29 (7045) газетінде жарияланған).

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Осакаров аудандық

мәслихаттының
2016 жылғы «19» ақпандағы
№ 616 шешімімен бекітілді
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібі

1 1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай – ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

2 2. Митингілер және жиналыстар өткізілетін орындар:

1 1) Осакаров кентінің мәдениет және демалыс саябағы, Литвиновская көшесі, 81/1;

2 2) Осакаров кентінің аудандық мәдени – сауықтыру орталығы алдындағы алаң, Достық көшесі, 43;

3 3) Молодежный кентінің мәдени – сауықтыру орталығы алдындағы алаң, Абай көшесі, 14.

3 3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:

1 1) Осакаровка кенті Интернациональная көшесінің қиылысынан бастап Достық көшесіндегі аудандық мәдени-сауықтыру орталығына дейін;

2 Осакаровка кенті Колхозная көшесінің қиылысынан бастап Мостовая көшесінің қиылысына дейін Литвиновская көшесімен, Мостовая көшесінің қиылысынан бастап Мостовая көшесіндегі аудандық мәдени –сауықтыру орталығына дейін;

3 3) Молодежный кентінің Мира көшесіндегі базардан бастап Абай көшесіндегі мәдени-сауықтыру орталығына дейін;

4 4) Молодежный кенті Ленин көшесінің қиылысынан бастап Абай көшесінің қиылысына дейін Аспандияров көшесімен, Абай көшесінің қиылысынан бастап Абай көшесіндегі мәдени –сауықтыру орталығына дейін.

4 4. Жиналыстрады, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай – ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтайды.

5 5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

1 1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;

2 2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;

3 3) ауданның жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

4 4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;

5 5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;

6 6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай – ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;

7

7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, Республиканың Конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың кауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

8 8) алкогольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.

6

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез – құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай – ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

7 7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.

8 8. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

9 9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

10

10. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай – ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін, кауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

11

11. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай – ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергілікті атқарушы орган өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуы тиіс.

12 12. Ауданның жергілікті атқарушы орган өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары тарапынан жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылданады.

Қолданыстағы