Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Шиелийский районный отдел образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Шиелийский районный отдел образования"
- Атауы (қаз.)
- "Шиелі аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 764
- Қабылданған күні
- 01.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2016 101468_Some(107589).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16LI005464
- ЭКБ идентификаторы
- 101468
- Редакция идентификаторы
- 101468_Some(107589)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:13
0 «Шиелі аудандық білім
бөлiмi» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының
8) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 2016 жылғы 1наурыздағы
Шиелі ауданы әкімдігінің
№764 қаулысымен бекітілген
«Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiлiм беру мектептерiнiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2 2. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бағынысты ведомствалары бар.
3 3. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4
4. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi-мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5 5. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6 6. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7 7. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» басшысының бұйрықтары түрiнде рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8 8. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №19.
10 10. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесi:
1 1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2 2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге
дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);
3 3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
11 11. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
12 12. Осы Ереже «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады. Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Шиелі ауданының әкiмдiгi болып табылады.
13 13. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру аудан бюджетiнен жүзеге асырылады.
14 14. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлiмнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2 2. Коммуналдық мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi.
15
15. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы - Қазақстан Республикасының Конституциясы, бiлiм берудi дамытуға байланысты Қазақстан Үкiметi белгiленген заңнамаларға, балалар құқығын қорғау жөнiндегi конвенция, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрықтары, нормативтiк құқықтық құжаттарын басшылыққа ала отырып, аудандағы бiлiм беру мекемелерiнiң жұмысын үйлестiру.
16 16. Мiндеттерi:
1 1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
2 2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптыстыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту.
3 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
17 17. Функциялары:
1 1) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
2 2) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
3 3) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
4 4) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
5
5) мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн және арнайы оқу бағдарламаларын, сонадй-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6 6) бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
7 7) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжатйн көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
8 8) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiтедi;
9 9) аудандық әдiстемелiк кабинеттердiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етедi;
10 10) балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
11 11) аудан (қала) ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
12
12) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
13 13) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
14 14) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
15 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
16 16) бiлiм беру ұйымдарында оқу бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
17 17) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
18 18) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
19 19) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
20 20) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырады;
21 21) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
22 22) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
23 23) бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң әдiстемелiк басшылығын қамтамасыз етедi;
24 24) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
25 25) бiлiм беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасайды;
26 26) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18 18. Құқықтары мен мiндеттерi:
1 1) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыретi шегiнде құқықтық және нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актiлерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2 2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтiнiштерiн қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де мiндеттердi iске асыруға мiндеттi.
3 3. Коммуналдық мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру.
19 19. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20 20. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын Шиелі ауданының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21 21. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысының өкiлеттiгi:
1 1) бөлiм қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды;
2 2) бөлiмдi мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдарда бiлдiредi;
3 3) бөлiм бұйрықтарына қол қояды;
4 4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлiм қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5 5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлiм қызметкерлерiн марапаттайды және тәртiптiк жазалау шараларын қабылдайды;
6 6) бөлiмдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
7 7) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
8 8) бөлiмнiң атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
9 9) шарттар жасасады;
10 10) сенiмхаттар бередi;
11 11) өз қызметiн ұйымдастыру және оның iшкi тәртiбi мәселелерi бойынша регламент қабылдайды;
12 12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау кестесiн бекiтедi;
13 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.
«Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22 22. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiнiң еңбегiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен реттеледi.
4 4. Коммуналдық мемлекеттiк органның мүлкi.
23 23. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24 24. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлiп берiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
25 25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5 5. Коммуналдық мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату.
26 26. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң және оның ведомстволарының тiзбесi: