О внесении изменений в некоторые приказы Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралым
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 108
- Қабылданған күні
- 12.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2016 101578_75290.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013627
- ЭКБ идентификаторы
- 101578
- Редакция идентификаторы
- 101578_75290
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:38
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi сексеуiл екпелерiнде кесуге тыйым салу жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12057 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан басқа) 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.»;
2
2) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12858 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын.».
2 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;