Құжат мәтініне өту

О признании утратившим силу некоторых решений Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 288 · қабылданған 15.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101583/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившим силу некоторых решений Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 288 ·15.04.2016
15.04.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившим силу некоторых решений Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 288 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившим силу некоторых решений Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
288
Қабылданған күні
15.04.2016
Көрсетілген редакция
15.04.2016 101583_75338.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G16GR000288
ЭКБ идентификаторы
101583
Редакция идентификаторы
101583_75338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:34

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мынадай:

1

1) «Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3004 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 5 шілдеде жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 312-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 қаңтарда № 9-10 (26412) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

2

2) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы