Құжат мәтініне өту

Об утверждении проверочного листа в области оценочной деятельности

Бұйрық · № 147 · қабылданған 04.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101624/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении проверочного листа в области оценочной деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 147 ·04.04.2016
13.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проверочного листа в области оценочной деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 147 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проверочного листа в области оценочной деятельности
Атауы (қаз.)
Бағалау қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
04.04.2016
Көрсетілген редакция
13.07.2018 101624_335659.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013628
ЭКБ идентификаторы
101624
Редакция идентификаторы
101624_335659
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:46

0 Бағалау қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған бағалау қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

2 2. Мыналар:

1

1) «Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 354 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 қазандағы № 339 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7301 болып тіркелген,
2012 жылғы 26 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған,
№ 188-192 (27266);

2

2) «Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 355 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 қазандағы № 341 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7300 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 188-192 (27266) күші жойылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің
баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа
басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Республикалық
құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына

жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_____________ С. Айтпаева
2016 жылғы «____ »______

11 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2016 жылғы 4 сәуірдегі № 147
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 наурыздағы № 149
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Бағалау қызметі саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган__________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт___________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы_______________________
__________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН__________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________
__________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1.
Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі не зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы
2.
Шарт негізінде бағалау жүргізу
3.
Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау туралы есеп жасаудың дұрыстығы
4.
Хронологиялық тәртіпте бағалау жүргізуге шарттардың нөмірлері көрсетіле отырып бағалау жүргiзу есептерi кітабының болуы
5.
Бағалау туралы жасалған есептерді 5 жыл ішінде сақтау туралы талапты сақтау
6.
Бір бағалаушылар палатасында мүшелікте болу
Лауазымды адам (адамдар) ______________ ________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің басшысы________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
___________
(қолы)

Қолданыстағы