Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
- Атауы (қаз.)
- «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 29.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2020 101629_466588.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16Z0004346
- ЭКБ идентификаторы
- 101629
- Редакция идентификаторы
- 101629_466588
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:54
0 «Ақталған адамға куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ғ.Иманғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В. Стексовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген
«Ақталған адамға куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы аудандарының (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы (бұдан әрі - куәлік немесе оның телнұсқасы).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4 4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1 1) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап:
куәлік (куәлік телнұсқасын) беру - 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар) қоса өтініш беруі мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимыл) бастауға негіз болады.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды.
Нәтижесі – тіркеу журналына жазу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі – жауапты орындаушыны белгілеу;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды тексереді, куәлікті немесе оның телнұсқасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді.
Нәтижесі – куәлікті немесе оның телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде куәлікке немесе оның телнұсқасына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.
Нәтижесі – куәлікті немесе оның телнұсқасын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жіберу;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде куәлікті немесе оның телнұсқасын куәліктің берілуін есепке алу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді;
Нәтижесі – ақталған адамға куәлікті немесе оның телнұсқасын беру.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс–қимыл тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі (бұдан әрі - Регламент).
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10 10. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, өтінішті өңдеудің ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарын және өтінішті Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады – 1 (бір) минут ішінде;
2
2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның ЫАЖ АЖО) логинді және парольді енгізуі (авторландыру процесі) – 1 (бір) минут ішінде;
3 3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысаны шығуы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі – 1 (бір) минут ішінде;
4 4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралысұрау жолдауы 2 (екі) минут ішінде;
5 5) 1-шарт - ЖТ МДҚ-нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің бар болуын тексеруі – 1 (бір) минут ішінде;
6 6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерініңболмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыруы – 1 (бір) минут ішінде;
7
7) 5-процесс – электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдауы – 2 (екі) минут ішінде.
11 11. Мемлекеттік корпорация арқылымемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1 1) 6-процесс – электрондық құжаттарын ЭҮАШ АЖО-да тіркеуі –1 (бір) минут ішінде;
2 2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) – 1 (бір) минут ішінде;
3 3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыруы – 2 (екі) минут ішінде;
4 4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-нда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (куәлік немесе оның телнұсқасы) алуы – 2 (екі) минут ішінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.
10 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақталған адамға куәлік беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы