Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Аккайынскому району Северо-Казахстанской области

Өзге акт · № 40-3 · қабылданған 18.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101635/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Аккайынскому району Северо-Казахстанской области Күшін жойған Өзге акт ·№ 40-3 ·18.03.2016
19.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Аккайынскому району Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Өзге акт ·№ 40-3 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Аккайынскому району Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40-3
Қабылданған күні
18.03.2016
Көрсетілген редакция
19.06.2020 101635_467799.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16SB003728
ЭКБ идентификаторы
101635
Редакция идентификаторы
101635_467799
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:00

0 Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы бойынша
жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Аққайың ауданы мәслихатының

2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 40-3 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы бойынша жиналыстар,
митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша реттеу

1

1. Осы жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (бұдан әрі – Қосымша реттеу) «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес,жергілікті жердегі жағдайларды және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын ескеріп әзірленді.

2 2. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсаттарға сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

3 3. Митингілерді және жиналыстарды өткізу үшін орындар Қосымша реттеудің 1-қосымшасына сәйкес анықталсын.

4 4. Шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін маршруттар Қосымша реттеудің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.

5 5. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

6 6. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

1 1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

2 2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

3 3) ауданның жергiлiктi атқарушы органымен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

4 4) шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

5 5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

6 6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

7

7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілердің басқа жағдайларын бұзу болса немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

8 8) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды қолдануға;

9 9) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар,басқа да материалдар (визуалды, аудио/видео) пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

7 7. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет өткізілетін объектінің маңында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі насихат құралдарын пайдалануға;

3 3) пикет тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлауға рұқсат беріледі.

8 8. Пикетті митинг, жиналыс, шеру немесе демонстрацияның басқа нысанына өзгерту, өзге түрде жалғастыру үшін белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің рұқсатын алу қажет.

9

9. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінен жиналысты, митингiні, шерудi, пикеттi, демонстрацияны өткiзуге бас тартылған немесе оған тыйым салу шешімі шығарылған жағдайда уәкiлдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша шара қолдануы қажет.

10

10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

11 11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша:

1 1) өтiнiш берiлмеген болса;

2 2) тыйым салу туралы шешiм шығарылса;

3 3) оларды өткізудің тәртiбі бұзылған жағдайда;

4 4) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе;

5 5) қоғамдық тәртiп бұзылған жағдайда тоқтатылады.

12 12. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі өкiлiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

33 Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы бойынша
жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуге
1-қосымша
Митингілер және жиналыстарды өткізу орындары

1 1. Смирново ауылы, «Сергиенко» ЖК қонақ үйіне қарсы алаң.

2 2. Смирново ауылы, «Ассорти» дүкеніне қарсы алаң.

36 Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы бойынша
жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуге
2-қосымша
Шерулер және демонстрацияларды өткізу маршруттары
1-маршрут: Суворов–Мир көшелерінің қиылысынан Мир көшесі бойымен «Сергиенко» ЖК қонақ үйіне қарсы алаңына дейін.
2-маршрут: 25 лет Целины –9 Май көшелерінің қиылысынан 9 Май көшесі бойымен «Ассорти» дүкеніне қарсы алаңына дейін.

Қолданыстағы