Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых за счет средств районного бюджета устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых за счет средств районного бюджета устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях
- Атауы (қаз.)
- Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83
- Қабылданған күні
- 04.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2017 101652_267772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NQ006291
- ЭКБ идентификаторы
- 101652
- Редакция идентификаторы
- 101652_267772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:46
0
Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-зі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін лауазымдарының тізбесі сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы
_______________ К. Базарбаева
3 Әкімдіктің
2016 жылғы «4» сәуірдегі
№ 83 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық
жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен
және мөлшерлерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарының лауазымдары:
1 1) директор;
2 2) басшы (меңгеруші);
3 3) директордың (басшының) әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;
4 4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
6 6) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
2 2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1 1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтары мұғалімдері;
2 2) жалпы білім беру мектеп, мектеп –бала бақша кешен, арнайы түзету ұйымы және барлық түрі мен үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгеруші);
3 3) мектепке дейінгі ұйымның менгерушісі;
4 4) шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
5 5) дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
6 6) алғашқы әскери даярлық, оқытушы-ұйымдастырушы (оқу орнындағы әскери жетекшісі);
7
7) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу – тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар тәрбие жұмыс жөніндегі орынбары;