Об утрате силы некоторых постановлений акимата Тарановского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утрате силы некоторых постановлений акимата Тарановского района
- Атауы (қаз.)
- Таран ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 132
- Қабылданған күні
- 15.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 101672_74098.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16NR00132A
- ЭКБ идентификаторы
- 101672
- Редакция идентификаторы
- 101672_74098
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:34
0 Таран ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Таран ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «15» сәуірдегі
№ 132 қаулысына
қосымша
Таран ауданы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1
1. Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 315 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3829 тіркелген, 2012 жылғы 20 қыркүйекте «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
2
2. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 119 «Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 315 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4706 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
3
3. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда «Шамшырақ-Маяк» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
4
4. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 308 «Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда «Шамшырақ-Маяк» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.