Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»

Қаулы · № 95 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101691/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям» Күшін жойған Қаулы ·№ 95 ·01.04.2016
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»

Күшін жойған Қаулы ·№ 95 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
30.06.2020 101691_471970.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003730
ЭКБ идентификаторы
101691
Редакция идентификаторы
101691_471970
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:48

0 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.

Д.Сатыбалды
Е.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев

7 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2016 жылғы «01» сәуірдегі
№95 қаулысына қосымша
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб- портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматттандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №6-4/1072 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (әрі қарай-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандартқа 2-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсынуы болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындалудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ЭСҚ-сын қол қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркейді;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімнің толық болуын тексереді;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы күні веб-порталда «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде жүктелетін, субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады;

5

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолдайды.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімі.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4 4-тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

28 «Ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
1 (бір) жұмыс ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы субсидиялауға өтінімді қабылдауды растайды
2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімнің толық болуын тексереді
осы күні веб-порталда «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде жүктелетін, субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады
Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолдайды

Қолданыстағы