О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 08.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2020 101704_688046.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CA004869
- ЭКБ идентификаторы
- 101704
- Редакция идентификаторы
- 101704_688046
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:42
0 Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 қарашадағы № 90 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3450 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақтөбе қалалық мәслихатының
2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 17 шешіміне қосымша
Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1 1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
2 2. Жиналыстар, митингiлер және пикеттер өткізілетін орындар:
1 1) Қарасай батыр көшесі бойындағы шағын бақ;
2 2) Қалалық мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Жеңіс даңғылы, 31);
3 3) «Геолог» мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Қарғалы тұрғын алабы, Матросов көшесі, 30 А);
4 4) Авиақалашық ауданындағы «Авиатор» саябағы;
5 5) «Өнер орталығы» ғимараты алдындағы алаң (Әбілқайыр хан даңғылы, 90 Б);
3 3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
1 1) Бейбітшілік даңғылынан бастап, Қаратаев көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы;
2 2) Марат Оспанов көшесінен бастап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябаққа дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы.
4 4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ барлық қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
5 5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1 1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2 2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3 3) Ақтөбе қаласы әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4 4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5 5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6 6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және басқа да қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7
7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
8 8) алколгольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
6
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7 7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.
8 8. Пикет өткізу кезінде:
1 1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3 3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға жол беріледі.
9 9. Пикет тұрпатын митинг, жиналыс, шеру түрінде жалғастыру үшін Ақтөбе қаласы әкімдігінің белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10
10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Ақтөбе қаласы әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.