О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 21.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2016 101874_119655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16C0000433
- ЭКБ идентификаторы
- 101874
- Редакция идентификаторы
- 101874_119655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:28
0 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2 2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 1-тармақшасының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 113 бұйрығының күші жойылсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республкасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы «21» сәуірдегі
№ 433 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 болып жарияланған) 1-тармағының 1-тармақшасы;
2
2. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 220 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8442 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 7 тамыздағы № 184 (28123) болып жарияланған) 1-тармағының 2, 3, 4 абзацтары;
3
3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 521 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8812 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) болып жарияланған) 1-тармағының 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 абзацтары;
4
4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10365 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 (28788) болып жарияланған) 1-тармағының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 абзацтары.