О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Казыгуртского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Казыгуртского района
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 29.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2016 101893_77723.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UF00016A
- ЭКБ идентификаторы
- 101893
- Редакция идентификаторы
- 101893_77723
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:20
0 Қазығұрт ауданы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Занына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
4 Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 16 қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі
1 1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №398 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2109 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінде 2012 жылы 12 қазанда жарияланған);
2
2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №498 «Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №398 «Қазығұрт ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2921 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінде 2014 жылы 26 желтоқсанда жарияланған);
3
3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №399 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2110 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінде 2012 жылы 12 қазанда жарияланған);
4
4. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №499 «Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №399 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2922 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінде 2014 жылы 26 желтоқсанда жарияланған);
5
5. Қазығұрт ауданы әкімідігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №396 «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3521 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінде 2016 жылы 22 қаңтарда жарияланған);
6
6. Қазығұрт ауданы әкімідігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы №2 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3562 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінде 2016 жылы 18 ақпанда жарияланған).