Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/06
- Қабылданған күні
- 13.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2017 101907_172586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KK003759
- ЭКБ идентификаторы
- 101907
- Редакция идентификаторы
- 101907_172586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:37
0 Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Кодексінің 18 және 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттің қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар және тарифтік ставкалар алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2
2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі №15/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2640 болып тіркелген, 2014 жылғы 31мамырдағы №21 (1055) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 2 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Бұқар жырау аудандық
мәслихат хатшысы
______________________ А.С.Әли
«28» наурыз 2016 жыл
5 Бұқар жырау ауданы әкімінің
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№11/06 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының (оның ішінде бірінші) орынбасары, бөлім, зертхана басшысы, дәріхана меңгерушісі;
2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері, акушер, тіс технигі, медбике, медициналық зертханашы, провизор, психолог, рентген зертханашысы, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер, фельдшер-зертханашы, оптик-офтальмолог, оптикометрист, медбике көмекшісі, зертханашы (оның ішінде зертханашы – бактериолог, лаборант – паразитолог, санитарлық – гигиеналық зертхананың зертханашысы).
2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: бөлім меңгерушісі;
2 2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) басшы, басшының орынбасары (оның ішінде мектеп, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің директоры, оқу ісінің және тәрбие ісінің меңгерушілері), әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық мұғалімдері (оның ішінде: дефектолог мұғалім, логопед, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог), әдіскер, психолог, медбике, аға вожатый, вожатый, тәрбиеші, музыка маманы, шығармашылық студия үйірмесінің басшысы, зертханашы, тәрбиешінің көмекшісі, инженер-программист, кітапханашы, аға вожатый, өндірістік оқыту шебері, музыка жетекшісі, нұсқаушы (оның ішінде балалармен жұмыс, еңбек және өндірістік оқыту бойынша).
4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1 1) мәдениет қазыналық мекемесінің басшысы және басшының орынбасары, мұражай директоры, аудандық кітапхана директоры, клуб
меңгерушісі, жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;
2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер (оның ішінде кітапханаларды дамыту бөлімінің), барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, аға библиограф, экскурсия жетекшісі, өлкетану бөлімінің редакторы, режиссер, мұражай қараушысы, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, солист, музыкалық жетекші, дирижер (оның ішінде оркестр жетекшісі), концертмейстер, инструктор, клуб меңгерушісі, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, хормейстер, қорлардың, экспонаттардың құндылығын сақтаушы.