Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 67 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101964/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 67 ·01.04.2016
30.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 67 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқығы бар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
67
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
30.11.2020 101964_495981.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NG006299
ЭКБ идентификаторы
101964
Редакция идентификаторы
101964_495981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:49

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі
18-бабының 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Әулиекөл аудандық
мәслихатының хатшысы
_________________
Қойшыбаев Д.С.
«01» сәуір 2016 жыл

4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Әкімдіктің
2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 67 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық (қалалық) аурухананың басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

4 4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

5 5) акушер;

6 6) диеталық мейіргер;

7 7) тіс дәрігері (дантист);

8 8) мейіргер;

9 9) кеңейтілген практика мейіргері;

10 10) статистик;

11 11) зертханашы (медициналық);

12 12) провизор (фармацевт);

13 13) психолог маман;

14 14) рентген зертханашысы;

15 15) әлеуметтік қызметкер;

16 16) фельдшер;

17 17) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

18 18) медициналық тіркеуші;

19 19) логопед;

20 20) зертхана маманы.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

6 6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

7 7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

8 8) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық (қалалық) маңызы бар және облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағынжинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы;

3 3) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

4 4) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның секторының басшысы;

5 5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

6 6) әлеуметтік педагог;

7 7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

8 8) логопед;

9 9) психолог;

10 10) әдіскер (негізгі қызметтердің);

11 11) тәлімгер;

12 12) тәрбиелеуші;

13 13) мейірбике (мейіргер);

14 14) емдәмдік мейірбике;

15 15) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

16 16) қосымша білім беретін педагог;

17 17) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

18 18) ұйымдастырушы педагог;

19 19) концертмейстер (негізгі қызметтердің);

20 20) талдаушы-социолог;

21 21) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

22 22) интернаттың басшысы (меңгерушісі);

23 23) кітапханашы.

4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) тобының, бөлімінің, зертханасының басшысы;

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (облыстық маңызы бар қалалар) көркемдік жетекшісі;

5 5) аккомпаниатор;

6 6) библиограф;

7 7) кітапханашы;

8 8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

9 9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

10 10) музыкалық жетекші;

11 11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

12 12) хореограф;

13 13) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

5 5. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) әдіскер;

4 4) жаттықтырушы;

5 5) жаттықтырушы-оқытушы;

6 6) медициналық бике/аға.

6 6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) ветеринариялық дәрігер;

2 2) ветеринариялық фельдшер.

Қолданыстағы