Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 31.03.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2020 101970_442968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16G0003051
- ЭКБ идентификаторы
- 101970
- Редакция идентификаторы
- 101970_442968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:50
0 Профилактикасы мен
диагностикасы бюджет
қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын жануарлардың
энзоотиялық ауруларының
тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3
3. «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 38 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 болып тіркелген, 2014 жылы 12 сәуірде «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 31 наурыз
№ 95 қаулысына қосымша
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі: