О переименовании некоторых улиц Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16/2
- Қабылданған күні
- 15.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 102009_77830.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005112
- ЭКБ идентификаторы
- 102009
- Редакция идентификаторы
- 102009_77830
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:34
0 Павлодар облысының кейбір
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысының кейбір көшелері:
1 1) Ақсу қаласы бойынша:
Царев көшесі – Бауыржан Момышұлы көшесі;
Энтузиастов көшесі – Мәншүк Мәметова көшесі;
7А шағын ауданында орналасқан Заводская көшесі – Николай Бердников көшесі;
Кооперативная көшесі – Иван Суптель көшесі;
Советов көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;
Молодежная көшесі Хиуаз Доспанова көшесі болып қайта аталсын;
2 2) Павлодар қаласы бойынша:
Дерибас көшесі Құдайберген Сұрағанов көшесі болып қайта аталсын;
3 3) Екібастұз қаласы бойынша:
6-шы Северный өтпе жол көшесі – Болат Шапенов көшесі;
Геологическая көшесі Қазбек Нұралин көшесі болып қайта аталсын.