Об утверждении Правил использования средств и основных условий бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования средств и основных условий бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»
- Атауы (қаз.)
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің қаражатын пайдалану қағидаларын және оның негізгі талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 28.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2016 102063_79184.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000251
- ЭКБ идентификаторы
- 102063
- Редакция идентификаторы
- 102063_79184
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:22
0 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің қаражатын пайдалану қағидаларын және оның негізгі талаптарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану қағидалары;
2 2) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2 2) кредит берудің негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;
3 3) бюджеттік кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3 3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 251 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану қағидалары «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес әзірленді және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану тәртібі
2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға 206 «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына жалға берілетін тұрғын үй құрылысына кейіннен кредит беру арқылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына кредит беру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша кредиттік шарт және жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мерзімде бюджеттік кредит қаражатын аударуды жүргізеді.
3 3. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚИК» ИҰ» АҚ арасындағы кредиттік шарттарда көзделген мерзімде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына кредит береді.
4
4. «ҚИК» ИҰ» АҚ бюджеттік заңнамаға, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредит қаражатын пайдаланады.
5 5. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бюджеттік кредит қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
0-1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 251 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына
бюджеттік кредит берудің негізгі талаптары
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді: