Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 13/2 · қабылданған 13.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102089/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/2 ·13.04.2016
06.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/2
Қабылданған күні
13.04.2016
Көрсетілген редакция
06.10.2021 102089_542704.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PL005111
ЭКБ идентификаторы
102089
Редакция идентификаторы
102089_542704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:37

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарын (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Мыналар:

1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіруі «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады;

2 2) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) беріледі;

3

3) мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға арналған шығындар төлемі екінші деңгейлі банкілерде, сонымен қоса банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын тиісті лицензиясы бар мекемелерінде дербес шотын көрсетуімен өтініш, заңды өкілдің, алушының тұрғылық тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы, мүгедектігі туралы анықтама, мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде ұсынылады;
салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) тоқсан сайын көрсетіледі деп белгіленсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы