Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога в десять раз на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения

Өзге акт · № 13 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102198/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога в десять раз на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған Өзге акт ·№ 13 ·01.04.2016
15.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога в десять раз на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога в десять раз на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
15.03.2018 102198_307223.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NN006335
ЭКБ идентификаторы
102198
Редакция идентификаторы
102198_307223
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:48

0 Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

3

3. Мәслихаттың «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы» 2015 жылғы 11 наурыздағы № 279 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5512 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде «Арна» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай ауданы әкімдігінің
«Жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ М. Темирбаев
«1» сәуір 2016 жыл
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік
кірістер Департаментінің «Қостанай ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндеттерін атқарушы
_________________ А. Бекенов
«1» сәуір 2016 жыл

Қолданыстағы