Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества
Қолданыста
Қаулы
№ а-3/114
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-3/114
- Қабылданған күні
- 28.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2016 102201_78909.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BS005330
- ЭКБ идентификаторы
- 102201
- Редакция идентификаторы
- 102201_78909
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:55
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Бурабай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы « 28 » 03
№ а-3/114
қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№ р/т
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру