Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 59 · қабылданған 11.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102231/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 59 ·11.04.2016
26.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 59 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
11.04.2016
Көрсетілген редакция
26.05.2016 102231_105280.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NF006326
ЭКБ идентификаторы
102231
Редакция идентификаторы
102231_105280
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:40

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын

және ауылдық жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Амангелді аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Қ. Кеделбаев

4 Әкімдіктің

2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 59 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

2 2) басшы;

3 3) жұмыспен қамту орталығының маманы.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) мектеп директоры;

2 2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

3 3) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

4 4) директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;

5 5) әлеуметтік педагог;

6 6) педагог-психолог;

7 7) қосымша білім беру педагогы;

8 8) аға тәрбиелеуші, тәрбиелеуші;

9 9) музыкалық жетекші;

10 10) аға вожатый;

11 11) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;

12 12) нұсқаушы;

13 13) аға әдіскер, әдіскер;

14 14) өндірістік оқыту шебері;

15 15) аға шебер;

16 16) медбике;

17 17) емдәмбике;

18 18) кітапханашы;

19 19) логопед;

20 20) суретші;

21 21) көркемдік жетекші;

22 22) интернат меңгерушісі;

23 23) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

24 24) барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;

25 25) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;

26 26) шебер, шеберхана меңгерушісі;

28 28) кітапхана меңгерушісі;

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) ұйымның басшысы;

2 2) мәдени ұйымдастырушы;

3 3) суретші;

4 4) кітапханашы;

5 5) бөлім меңгерушісі;

6 6) әртіс;

7 7) режиссер;

8 8) редактор;

9 9) әдіскер;

10 10) әкімші;

11 11) дирижер;

12 12) нұсқаушы;

13 13) солист;

14 14) библиограф;

15 15) көркемдік жетекші;

16 16) ұйым басшысының орынбасары;

17 17) хореограф;

18 18) дыбыс операторы.

4 4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) директор;

2 2) директордың орынбасары;

3 3) медбике;

4 4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.

5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) ветеринариялық дәрiгер;

2 2) ветеринариялық фельдшер.

Қолданыстағы