О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Кызылкогинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Кызылкогинском районе
- Атауы (қаз.)
- Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- II-7
- Қабылданған күні
- 26.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2020 102233_482459.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TE003504
- ЭКБ идентификаторы
- 102233
- Редакция идентификаторы
- 102233_482459
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:24
0 Қызылқоға ауданында бейбіт
жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу
туралы
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар өткізу орындары мен маршруттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы А.Алтыбаев) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Аудандық мәслихаттың
2016 жылғы « 26 » сәуірдегі
№ ІІ-7 шешіміне 1 қосымша
Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу орындары
№
Елді мекеннің атауы
Орны
1
Миялы ауылы
Абай Құнанбаев көшесі №2 «Тәуелсіздік паркі»
2
Миялы ауылы
Халел Досмұхамедов көшесінде №12 орналасқан «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған обелискі»
№
Елді мекеннің атауы
Орны
1
Миялы ауылы
Е.Нұршаев ескерткішінен Абай Құнанбаев көшесінде №2 орналасқан «Тәуелсіздік паркіне» дейін.
2
Миялы ауылы
Аудан әкімдігі ғимараты алдындағы алаңнан Халел Досмұхамедов көшесінде №12 орналасқан «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған обелискіге» дейін.
6 Аудандық мәслихаттың
2016 жылғы « 26 » сәуірдегі
№ ІІ-7 шешіміне 2 қосымша
Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі
1 1. Бейбіт жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
2 2. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1 1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2 2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3 3) ауданның жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4 4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5 5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6 6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7 7) алкагольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.
3 3. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткiзу орындарында:
1 1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткілік заттар пайдалануға, психотроптық заттарды және олардың аналогтары;
2 2) транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарын (визуальды аудио/бейне) пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстар жасауға көпшілік алдында сөйлеуге шақырған, сондай-ақ әлдебір кісінің атына қатысты тіл тигізуге жол берілмейді.
4 4. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
5 5. Пикеттер өткізілген кезде:
1 1) пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;
2 2) көрнекілік үгіт құралдарын пайдалануға;
3 3) қысқа ұрандарды айғайлап айтуға, пикет тақырыбы туралы сөздер қозғауға рұқсат беріледі.
6 6. Пикетті өзге нысанда митингіге, бейбіт жиналысқа, шеруге немесе демонстрацияға жалғастыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алу қажет.
7
7. Ауданның жергілікті атқарушы органынан бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу үшін бас тартылған жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданған болса, ұйымдастырушылар тез арада дайындық шараларын болдырмауға ықтимал қатысушыларды тиісті дәрежеде жария етудің шараларын қабылдайды.
Егер бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға байланысты болса, сондай-ақ Конституцияның басқа да ережелері, заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері бұзылса немесе азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төнсе өткізуге жол берілмейді.
8
8. Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуы тиіс.