Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 21.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2017 102243_193969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16T0003508
- ЭКБ идентификаторы
- 102243
- Редакция идентификаторы
- 102243_193969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:29
0 Субсидияланатын тыңайтқыштардың
түрлерін және субсидиялардың
нормаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидасының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11223 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) субсидиялардың нормалары белгіленсін.
2 2. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мамытбеков
2016 жылғы «08» сәуір
5 Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «21» сәуірдегі
№79 қаулысына
қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына
(килограмына, литріне) субсидиялардың нормалары
№
р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштар
түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
Отандық тыңайтқыш өнімдері
1
Аммиак селитрасы
(N - 34,4 %)
тонна
50
34 000
2
Аммофос
(N - 10 %; P2О5 – 46 %)
тонна
50
62 500
3
YaraLiva Calcinit
(кальций нитраты)
тонна
50
140 000
Шетелдік тыңайтқыш өнімдері
4
Krista MKP
(монокалий фосфат)
тонна
30
258 600
5
Krista MAG
(магний нитраты)
тонна
30
111 600
6
Krista K Plus
(калий нитраты)
тонна
30
162 300
7
Krista MgS
(магний сульфаты)
тонна
30
90 300
8
Krista SOP
(калий сульфаты)
тонна
30
134 400