Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Жанааркинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Жанааркинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/02
- Қабылданған күні
- 06.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2020 102289_462687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KL003763
- ЭКБ идентификаторы
- 102289
- Редакция идентификаторы
- 102289_462687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:45
0 Жаңаарқа ауданы аумағындағы
азаматтық қызметші болып
табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Енбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2
2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымындағы №49/01 «Жаңаарқа ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2694 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 тамызында №34 (9628) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №82/01 «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымындағы «Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №49/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2828 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсанында №54 (9648) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) қүші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудан мәслихатының
хатшысы
К. Имантусупов ________
4 сәуір 2016 жыл
5 Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 6 сәуірдегі
№32/02 қаулысына
қосымша
Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі