О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 27.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2016 102329_96881.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16JVM00176
- ЭКБ идентификаторы
- 102329
- Редакция идентификаторы
- 102329_96881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:23
0 Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің және
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
кейбір бұйрықтарының күші
жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5094 болып тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 5 актілер жинағында жарияланған).
2
2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу кезінде субъектілердің мониторинг жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 143-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7710 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 495-500 (27573) жарияланған).
3
3. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 149-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7712 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 534-539 (27612) жарияланған).
4
4. «Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 170-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7762 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).
5
5.«Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10446 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде № 71 (28549) жарияланған).
6
6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 692 бұйрығына қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12850 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).